Бүгін, қараша айының 30-жұлдызы күні, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсүлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан халқына арналған кезекті дәстүрлі Жолдауын жариялады. Қоғамымызда болып жатырған барлық саяси-әлеуметтік процесстерді қамтыған Президент Жолдауын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлері де тікелей эфирден ұжым болып отырып тамашалады.
Жолдау барысында Елбасымыз, әдеттегідей, уақыт күттірмейтін мәселелердің шешімін ұсынып, жарқын болашаққа арналған іс-әрекет жоспарын таныстырды. Әсіресе, бюджеттік сала қызметкерлерінің табысын арттыру, әлеуметтік қамсыздандыру салаларына бөлінетін қаржыны көбейту, жәрдемақы, шәкіртақыларды өсіру секілді қарапайым халықтың күш-қуатын арттыруға бағытталған шешімдер жиналған көпшіліктің қызу қолдауына ие болды. Өйткені өздері мұнайшы болғанымен басқа салаларда еңбек ететін жарлары, балалары мен немерелері, жақын-жуықтары бар екені таңсық емес...
Ел жастары да назардан тыс қалмады, Елбасымыз «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы.» - деп жас қазақстандықтарға үлкен өсиет білдірді. Тікелей эфирді тамашалауға жиналған жас мұнайшылар Жолдауды бір ауыздан қолдады.
Бағытымыз – айқын, мақсатымыз – күрделі кезеңнан сүрінбей өтіп, Тәуелсіздігіміздің туын биікке көтеру. Ендігі жігер бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып Жолдауда қойылған міндеттерді жүзеге асыру.
|