Қадірлі геологтар, геология ардагерлері!
Сіздерді Геологтар Күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің өсіп-өркендеуі, экономикалық қуатының артуы жолындағы Сіздердің қажыр-қайратыңыз, білім мен тәжірибеңіз баянды болашаққа, игілікке қызмет етуде. Жер қойнауын игеріп, өндірістің тамырын, жүрек соғысын жіті қадағалап, ел ырысы мен берекесін келтіріп отырған ерлікке бергісіз еңбектеріңізді қадір тұтамыз! Жапан түзді тәуелсіз мемлекеттің тірегіне айналдыруға саналы ғұмыр арнаған аға ұрпақтың, алғашқы геологтардың тарихи дәстүрін жалғастырып келе жатқан Сіздерге зор денсаулық, отбасы бақытын, бейнетті еңбектеріңіздің зейнетін тілейміз.
Уважаемые геологи и ветераны геологии!
Добыча нефти и газа начинается с работы геологов. И в этот день мы отдаем дань уважения к профессии, благодаря которой природные богатства стали доступны для освоения, и людям, ставшим ее воплощением! Геологи АО «Мангистаумунайгаз» вносят достойный вклад в дело развития и процветания компании. Всегда и во все времена наши геологи отличались высоким профессионализмом, верой в успех и товарищеской взаимовыручкой!
Уважаемые коллеги – Ваша жизнь – это неустанный поиск, Вы работаете на будущее, создавая прочную базу экономического развития Казахстана. Впереди у Вас новые рубежи новые задачи, решение которых потребует применения всех накопленных знаний и опыта.
Пусть всегда сопутствует Вам удача, и согревают в нелегком пути любовь и преданность Ваших родных и близких! Желаем Вам доброго здоровья, плодотворной работы, радости открытий и семейного благополучия!
Мереке құтты болсын!
Құрметпен,
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы,
Бас директор Бақыт Иманбаев
Бас директордың бірінші орынбасары Сунь Синъюнь
ТАМЫРШЫДАЙ ДӨП БАСҚАН ҚОЙНАУ СЫРЫН...
«Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасының геологы Роза Сарбалиеваның еңбек жолы өзінің замандас әріптестерінің еңбек жолдарынан тым алыс кете қоймаған: мектеп, мұнай техникумы, одан кейін өндіріс. Уақытқа сын жоқ, ағын судай зуылдып ағып, өте береді екен. Розаның 1981 жылы Атырау мұнай техникумын бітіріп, жолдамамен «Жетібаймұнайгаз» өндірістік бірлестігіне қарасты № 1 кәсіпшілікке мұнай өндіру операторы болып жұмысқа қабылданғанынан бері аттай 35 жыл өткен екен!
- Сол күндер әлі көз алдымда, күні кеше ғана болған сияқты еді, 35 жылдың қалай өте шыққанын байқамай қалыппын, - дейді Роза.
Қазіргі таңда Роза Сарбалиева 2-ші санаттағы геолог. Мұнай жолына түсуге, әлбетте, мұнай өндіру саласында ұзақ жылдар еңбек еткен әкесінің ықпалы болды.
- Бала кезімде әкемнің қасында жүріп, тербеліп жасап түрған ұңғыларға қарап, мұнайдың қалай шығатынын қызыға сұрайтынмын. Сол қызығушылық мені мұнайшы мамандығын таңдауыма әсер еткен болуы керек, - деп Роза өткенді еске алды.
Әрине, өз ісінің жақсы маманы болу әр адамның бақыты. Жақсы маман болып қалыптасу үшін оқу орнында алған білімің өз алдына, өндірістің қыр-сырын білуің керек, яғни теориялық білімдеріңді практикалық жұмыспен ұштастыра білу міндет. Роза өндіріске алғаш араласқан жылдары өзіне тәлім-тәрбие берген, өзінің жақсы геолог болып қалыптасуына игі әсер еткен әріптес аға-апаларын жылы сезіммен еске алады:
- Жұмыстың қыр-сырын үйреткен Аман Өрбісінов, Байжан Жақсымбетов, Әсима Қисметова, Тәжікбай Ізтілеуов сынды геологтарға алғысым шексіз. Ол кезде барлық жазу жұмыстары қолмен толтырылатын. Бәріне үлгеруің керек. Сондықтан геолог мамандығы үлкен жауапкершілікті, техникалық сауаттылықты, білімділікті, сабырлылықты талап етеді, - деп ой бөлісті Роза.
Роза Сарбалиева жұмыс жасайтын №1 цехта 10 игеру кенорны бар. Әр кенорнының өзіне тән ерекшеліктері болады. Геологтардың міндеті - жер асты қабаттарынан қанша мұнай өндірілгенін анықтау, сулану пайыздарына анализ жасап, әр ұңғымаға гидродинамикалық, геофизикалық зеррттеулер дайындау. Тәуліктік сұйықтықты өлшейтін қондырғылардың жұмысы олардың басты назарында. Қазір жаңа технологиялардың кеңінен дамыған уақыты. Мұнай өнімін арттыруда ұңғымаларға жер қабатын сумен жару (гидроразрыв пласта), басқа горизонттарға көшу, әр түрлі химиялық реагенттер айдау сияқты шаралар жургізіледі. Бұрғылаудан жаңа ұңғымалар іске қосылуда.
- Осындай игі жұмыстарды іске асыратын, ең бірінші, геологтар. Тынбай еңбек етіп, жас та болса өз мамандықтарының үлгілі иелері, әріптестерім - Жетібай өндірістік - бірлестігінің бас геологы Серікбай Темірхановты, Бағдат Абылановты, Байсары Дүйсенбаевты, №1 цехтың геология бөлімі жөніндегі бастығының орынбасары Нұрболат Бимағанбетті, геолог Қайрат Ходжаевтарды мақтан етемін, - деп әріптестері туралы ой бөліскен Роза оларды төл меркекесімен құттықтайтынын айтты. - Геологтар мерекесі қарсаңында барлық геологтарды төл мерекелерімен шын көңілден құттықтап, жанұяларына бақыт, денсаулық тілей отырып, жер астының байлықтары келер ұрпақтарғы бұйырсын дер едім!
Біздер де «ЖМГ» өндірістік бірлестігінің геологтар ұжымын шын жүректен құттықтап, оларға табыстан-табысқа жете берулеріне тілектестігімізді білдіреміз. |