Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
27.05.2016 БАСҚАРМАНЫҢ БАСТЫ НАЗАРЫНДА
 

 Ішкі коммуникация

 Басшылық пен еңбек ұжымы арасында «кері байланыс» жүйесін дамытуға, жұмыс берушілер мен қызметкерлер және кәсіподақтар арасында өзара түсіністіктегі диалог орнатуға бағытталған «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының ішкі коммуникациялары ережесіне сәйкес компаниямызда 2015 жылдың 4-ші тоқсанынан бері әр тоқсан сайын желілік басшылардың еңбек ұжымдарымен есептік кездесулері өткізілуде. Үстіміздегі жылдың 2-ші тоқсанына бекітілген кесте бойынша осындай қырық кездесу өткізу көзделген.

Осылардың бірі, 2016 жылдың 26 мамырында «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында өткен кешенді мұнай дайындау және өткізу цехының бастығы Әбужан Қызыловтың еңбек ұжымымен кезекті кездесуі.

Ұжымның елу мүшесі қатысқан бұл жиынның күн тәртібіне сәйкес, цех бастығы 2016 жылдың 1-ші тоқсанында цех қызметкерлерінің қойған сұрақтарының орындалу барысы бойынша есеп беріп, құрылымдық бөлімшенің алдында келесі тоқсанға қойылған міндеттер туралы баяндама жасады. Сонан соң цех еңбеккерлерінің сұрақтары тыңдалды. Кездесуде сөз алған мұнайшылар Феруза Жетесинова мен Ажар Саймовалардың сұрақтары ауысымдық поселке жатақханаларындағы тұрмыстық жағдайға бағытталған болса, ұжым мүшесі Қасым Қалауов жеке қорғану құралдары санатына жататын қолғаптардың уақытылы беріліп тұруын сұрады. Цех бастығы Әбужан Қызылов кездесуде қойылған сұрақтардың іс-шаралар жоспарына енгізілетінін айтып, тиісті шешім қабылдау үшін компания басшылығына жолданатынын жеткізді.

Жалпы кәсіпорын бойынша желілік басшылардың еңбек ұжымдарымен кездесулерінде қойылып жатқан сұрақтардың дені әрқилы. Қызметкерлеріміз таза өндірістік мәселелерге қоса мұнайшыларды тасымалдау, жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, тамақтандыру сапасы, жалақы мен қосымша төлемдер туралы, кәсіби біліктілігін көтеру және қызметін жоғарылату, интернеттік жүйеге қосылу, мобильді байланысты жақсарту, жұмыс орындарындағы, жатақханалардағы тұрмыстық мәселелерге байланысты өтініштерін айтып, ой-пікірлерімен бөлісуде.

Компания ішкі коммуникациялары ережесіне сәйкес, әрбір кездесуде қойылған қызметкерлердің орынды сұрақтары, өтініштері мен ой-пікірлері компания жұртшылықпен байланыс департаментінің арнайы іс-жоспарына енгізіліп, орындауға нақты жауаптылар белгіленіп, акционерлік қоғам басқармасының қатаң бақылауына алынады және мәселе шешілгенше жоспардан шығарылмайды.

Акционерлік қоғамымыздағы әлеуметтік ахуал мұнайшылар арасындағы бірлік пен ынтымақты жоғарылату мақсатында атқарылып жатқан жұмыстарға мұнайшылардың лауазымы мен мамандығына қарамастан белсенді қатысулары қажет-ақ, себебі бұл біздің ортақ міндетіміз. Осындай шаралар, компания басшылығына ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатын бақылай отырып тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді және сол арқылы компаниямыздың әрі қарай сенімді дамуына оң әсерін тигізеді.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту