Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
17.03.2017 СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ТҰРАЙЫҚ

   

Жемқорлыққа тосқауыл

2017 жылдың 16 наурызы күні компания бас офисінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобының азаматтарды қоғамдық қабылдауы болып өтті.

Азаматтарды қабылдау компания қызметкерлерімен кездесу форматында өткізілді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильдік тобының құрамында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының міндетін атқарушы Ерлеген Меңдалиев, «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты Есберген Іңірбайұлы және «Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Пірмағанбет Әбіловтер болды.

Негізгі мақсаты - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымының арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру болып табылатын мобильдік топтың компания қызметкерлерімен кездесуін адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат департаменті әлеуметтік саясат бөлімінің бастығы Қымбат Иманқұлова ашып, жиналғандарды топ мүшелерімен таныстырды.

Топ жетекшісі Ерлеген Меңдалиев өз сөзін кездесуге қатысушыларға атқарылып жатқан шараның мақсаттары мен міндеттері туралы түсінік беруден бастады. «Айналасындағы салауатты, таза және сау ортаны шарпып, тыныс-тіршілігін тарылтатын, заңсыз әрекеттермен қоғамдық ортаның және мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, жеке кәсіпкерлердің, азаматтардың қызмет етуіне қатер төндіретін қауіпті дертті болдырмаудың тетігі халықтың өзінде. Бұл келеңсіздіктің алдын алып, қоғамға таралу жолдарын кесіп, оның ұлғаюына жол бермеу керек. Бәріміз бір адамдай атсалысып, жемқорлыққа қарсы жұмылуымыз қажет» - деді ол өз сөзінде. Ерлеген Меңдалиев жиналғандарға сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға әрбір азаматтың қатысуының нәтижесінде қол жеткізуге болатынын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың жолдары туралы айтып берді.

Өз кезегінде «Нұр Отан» партиясы Маңғыстау облыстық филиалы ұйымдастыру-бақылау жұмыстары бөлімінің консультанты Есберген Іңірбайұлы «Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Ол біздің жас мемлекетімізге де орасан зор нұқсан келтіріп отыр. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, қарапайым халық парақорлықпен жиі бетпе-бет келеді. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет», - деп атап өтті.

«Жаңару» республикалық қоғамдық бірлестігі Маңғыстау облыстық филиалының басшысы Пірмағанбет Әбілов жиналғандарға Елбасының жемқорлыққа қарсы күресте жүктеген тапсырмаларын орындау мақсатында 2014 жылы ашылған «ЖАҢАРУ» қоғамдық бірлестігінің облыстағы филиалының қызметі туралы баяндап берді. «Бүгінде біз Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің облыстағы департаментімен ашық келісім жасап, қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстарын пәрменді жүргізуге уағдаластық. Жемқорлықтың салдарынан орын алған келеңсіздіктерді қоғам талқысына салу пайдалы. Себебі, осындай ашық талқылаулар ғана көпшіліктің сыбайластыққа қарсы иммунитетін күшейтеді» - деді ол.

Кездесуде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сипаттағы бейнеролик көрсетіліп, жиынға қатысушыларға азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасауға қатысуы туралы парақшалар таратылды. Жиын соңында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мобильдік тобының мүшелері компания қызметкерлерінің қойған сұрақтарына жауап берді.

 

С.Галидуллин

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту