Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
29.03.2017 ОБЛЫС ӘКІМІ ҚАЛАМҚАС КЕНОРЫНЫ ЖҰМЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ

   

28 наурыз күні  Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Қаламқас кенорнына барып, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қарасты «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ-ның өндірістік және қаржылық-шаруашылық қызметімен танысты.

— «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мұнай қоры 1 124 896 мың тоннаны құрайды, соның ішінде, «Қаламқас» кенорны – 638 723 мың тоннаны, «Жетібай» — 348 304 мың тоннаны, «Жетібай тобы» — 137 869 мың тоннаны құрап отыр. Осы жылдың 1-қаңтарындағы ақпарат бойынша, кәсіпорында 5517 адам қызмет етуде, оған қоса «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызмет көрсететін қызметкерлер де бар, олардың саны 8754 адамға жетіп отыр. Отандық тауарларға қатысты міндетті орындау бойынша 2016 жылы жергілікті өндірушілерден  44% тауар, 81% жұмыс және 87% қызмет сатып алынды. Бүгінгі таңда «Қаламқас» және «Қаражанбас» кенорындарында ауыз суының жетіспеушілігі қатты байқалады. Сондықтан, өзімізді де, басқа да кенорындарын сапалы ауыз суымен қамтамасыз ететін су тұщыту зауытының құрылыс жобасын жасақтағымыз келеді, — деді «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бас директоры Бақыт Иманбаев.

Содан кейін аймақ басшысы мұнайды қайта айдау және кешенді дайындау цехымен және мұнайды газсыздандыруға, ілеспе газды тазалау мен іріктеуге, артық қысыммен қабаттағы суды төгуге арналған №1 алдын-ала су төгу қондырғысын қайта құру құрылысының алаңымен танысты.

2015 жылы «Қаламқас» кенорнының №1580 өндіруші ұңғымасында полимерді айдаудан тәжірибелі-өндірістік сынақ басталды. Тәжірибелі орынның геологиялық қоры 2143 мың тоннаны құрайды. Айдаудың бастапқы кезіндегі мұнай шығару коэффициенті (МШК) 39,6% деңгейде болды. Облыс басшысы Ералы Тоғжановқа хабарлағандай, 2017 жылдың басында қосымша мұнай өндіру көлемі 5340,7 тоннаны, орташа тәуліктік өсім 1 ұңғыма үшін – 6,5 тоннаны құрады. 2015 жылдан бастап 2018 жылға дейін 2254 тонна полимер реагенті жұмсалады.

Сондай-ақ, аймақ басшысы Ералы Тоғжанов 2014 жылы жүзеге асырылған ТҚ-48 топтық қондырғысы мен газ турбиналы электр бекетіне барды. Оның іске қосылғанынан бастап 2017 жылдың наурыз айына дейін «МАЭК-Қазатом өнеркәсіп» ЖШС және «МЭБК» АҚ-ның қолданыстағы тарифі бойынша үнемділік жиынтығы 6,943 млрд. теңгені құрады, сонымен қатар, желілер бойынша апаттық өшірулерге байланысты мұнай шығыны да азайды. Бүгінгі таңда мұнда 31 маман жұмыс істейді.

Сонымен бірге, Ералы Тоғжанов кәсіпорын ұжымымен кездесіп, мұнайшылардың демалыс орны мен тұратын ғимараттарының әлеуметтік-тұрмыстық жағдайымен, вахталық ауылдағы жатақханамен және спорттық-сауықтыру кешенімен танысты.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту