Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
08.06.2017 КЕҢЕСІП ПІШКЕН ТОН КЕЛТЕ БОЛМАС

    

Компания тынысы

6 - маусым күні «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Басқармасы жанынан құрылған Қоғамдық кеңестің алғашқы отырысы өтті. Қоғамдық Кеңестің негізгі мақсаты - компанияның қызметін жүзеге асыру барысында жұмысшы мен жұмыс беруші арасында, сондай-ақ компания мен сервистік мекемелердің арасында туындайтын әлеуметтік мәселелер бойынша екі тарапқа да тиімді шешімдерді қабылдап, шиеленістердің алдын алу.

Кеңестің алғашқы отырысының күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Кеңес мүшелері Кеңес Ережесімен таныстырылды. Сондай-ақ, ұйымдық мәселе қаралды. Отырыс барысында келіп түскен ұсыныс бойынша Кеңес Төрағасы болып бас директордың адам ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Н.Күдереев, орынбасарлығына бас директордың әкімшілік мәселелер жөніндегі орынбасары Ж.Тулегожаев, ал Кеңес хатшысының қызметіне корпоративтік хатшының орынбасары Ж.Шегемов бірауыздан сайланды. Кеңес құрамында 18 мүше – мұнай саласының ардагерлері Ө.Сағындықов пен С.Масатов, құрылымдық бөлім жетекшілері М.Ғұмарова, М.Асабаев, Н.Сәрсенбай, Ж.Шегемов, Б.Дүсүпов, А.Куванов, Н.Илмуханбетов, кәсіподақ төрағасы Т.Айдинов пен «Нұр Отан» партиясы «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бастауыш партия ұйымының төрағасы Ғ.Әбдісадық және 5 сервистік мекеме өкілдері Н.Құрмашев («ОТК» ЖШС), Қ.Аманбаев («МТК» ЖШС), Б.Ізбасов («МЭМ» ЖШС), Н.Қалдыбатыр («ОКК» ЖШС), Е.Букембаев («ОСК» ЖШС) бар.

Кеңестің отырысы оның ең жоғарғы органы болып табылады. Мұнда  қаралған мәселелер бойынша Кеңес мүшелерінің қабылдаған шешімдері мен нұсқаулары тікелей Компания Басқармасының қарауына беріледі. Демек, Кеңес қызметі күрмеуі табылмай жүрген мәселелерді жоғарғы басшылықтың назарына жеткізудің, оңтайлы шешімдер қабылдап, ұжым арасындағы әлеуметтік тұрақтылық пен келісімді сақтап тұрудың таптырмас тетігі болмақ.

Кеңес жұмысына сәттілік тілейміз!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту