Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
31.01.2018 ҰЖЫМ БЕРЕКЕСІ - ӘЛЕУМЕТТІК ТҰРАҚТЫЛЫҚ

      

Ішкі коммуникация

Компаниямызда басшылық пен еңбек ұжымы арасында «кері байланыс» жүйесін дамытуға, жұмыс берушілер мен қызметкерлер және кәсіподақтар арасында сындарлы диалог орнатуға бағытталған ішкі коммуникацияның негізгі міндеті - қызметкерлерге Қоғам қызметінің мақсаты және ағымдағы жағдайы туралы уақытылы ақпарат беріп отыру, Қоғам қызметкерлерімен тиімді «кері байланыс» орнату, ұжымның әлеуметтік-психологиялық климатының параметрлерін бақылап отыру.

Біз Компаниямызда атқарылып жатқан жұмыстар туралы бас директордың адами ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат жөніндегі орынбасары Нұрсерік Қадырсізұлы Кудереевтен осы мәселе бойынша толығырақ айтып беруді сұрадық.

- Нұрсерік Қадырсізұлы, 2017 жылы Қоғамдағы ішкі коммуникация құралдарының негізгі діңгегі болып табылатын жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы «кері байланыс» қалай болды?

-   Ішкі коммуникация көп бағытты сан алуан тармақты кең ауқымды күрделі нәрсе. Ішкі коммуникация құралдарын Қоғамның қолданысына жаңадан енгізіп жатқан уақытта өз қиыншылықтары да болды. «Көш жүре бара түзеледі» демекші ішкі коммуникациялар құралдары толықтай енгізіліп, жұмыстары сараланған жолға салынғанша біраз тер төгуге тура келгені де рас.

Нәтижесінде Компаниямыз ішкі коммуникациялардың ұйымдастырушылық, ақпараттық, талдамалық және коммуникативтік сияқты барлық түрлерімен қамтылып отыр. Ішкі коммуникация құралдары, жалпы, басқару ісін жақсартуға, жұмыс тиімділігін көтеруге, персоналдың ынталылығын арттыруға және жедел әрекет етуге мүмкіндік беріп отыр деп толық айта аламыз.

Жұмыс беруші мен жұмысшылар арасында «кері байланыс» орнықтыру -ішкі коммуникацияның айрықша маңызды бағыты. Бірінші басшының еңбек ұжымымен жоспарлы есептік кездесулері, желілік басшылардың еңбек ұжымымен тоқсан сайынғы есептік кездесулері, ұйым басшысының және оның орынбасарларының қызметкерлерді жеке мәселелер бойынша қабылдаулары, Қоғам Басқармасының құрылымдық бөлімшелер басшыларымен ай сайынғы өндірістік кездесулері, Кәсіподақ ұйымымен консультациялар өткізуі бекітілген кестелерге сәйкес қалыпты өткізіліп отырды. Бұл кездесулер хаттамаланып, қызметкерлердің сұрақтары мен өтініштері қатаң бақылауға алынды.

- Қоғам Басқармасының еңбек ұжымымен кездесулері туралы толығырақ тоқталсаңыз.

- 2017 жылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Басқармасының еңбек ұжымымен төрт рет есептік кездесуі ұйымдастырылды. 2016 жылдың қорытындысы және 2017 жылдың 1-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Қоғам басқармасының еңбек ұжымымен кездесулері кестеге сәйкес, «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармаларында өткізілді.

Бұл кездесулерде мұнайшылар тарапынан жұмыспен қамту, штаттық орын ауыстыру, медициналық қызмет көрсету, еңбекке ақы төлеу, тамақтандыру, кенорындарындағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдай, арнайы жұмыс киімі сапасын көтеру, ауысымдар кестесін оңтайлау, қызметкерлерді көлікпен тасымалдауды жақсарту, зейнетақыға мерзімінен бұрын шығу мүмкіндігін қарастыру, кенорнында намазхана ұйымдастыру және «Хирургия институты» ЖШС қызметіне қатысты 20 арыз-өтініштер түсті. Компания басқармасына тікелей айтылған бұл арыз-өтініштер қатаң бақылауға алынып, оларға толық жауап берілді.

Сондай-ақ, «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының ішкі коммуни-кациялары Ережесіне сәйкес компаниямызда, қажет болған жағдайда, қоғам басқармасының еңбек ұжымымен есептен тыс кездесулерін өткізу мүмкіндігі көзделген. Осыған сәйкес үстіміздегі жылдың 9-шы және 21-ші ақпанында «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасында, 24-ші ақпанында «Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасында қоғам басқармасының әкімшілік мәселелері департаменті тұрғын-үй пайдалану цехы қызметкерлерімен кезектен тыс кездесулері өтті.

Аталған кездесулердің күн тәртібінде «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында жүргізіліп жатқан трансформациялау шаралары және «Маңғыстау-мұнайгаз» акционерлік қоғамы құрамынан қызметтің бейінді емес түрлерін шығару жөніндегі жол картасы мәселелері бойынша Әкімшілік мәселелер департаменті Тұрғын-үй пайдалану цехы қызметкерлерінің ұжымдық хатына орай түсіндіру мәселесі қойылды.

Бұл жиындарда «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Бас директоры Бақыт Иманбаев, Бас директордың бірінші орынбасары Пэй Цзяньшэн, кәсіподақ комитетінің төрағасы Талғат Айдынов жиналғандарға трансформациялау шараларының мақсаты мен процедураларын түсіндіріп, қызметкерлердің осы мәселеге байланысты қойған сұрақтарына жауап беріп, болып жатқан өзгерістерге қобалжымауға шақырды.

- Нұрсерік Қадырсізұлы, Компания Басқармасының және желілік басшылардың еңбек ұжымдарымен өткізген жоспарлы есептік кездесулері туралы айтып берсеңіз. Нәтижелері қандай болды? Басқарманың қызметкерлерді жеке мәселелері бойынша қабылдаулары, Кәсіподақ комитетімен консультациялар жүргізу туралы да дерек берсеңіз...

- 2017 жылға арналған желілік басшылардың еңбек ұжымдарымен тоқсан сайынғы кездесу кестесіне сәйкес, 176 кездесу өткізілді. Әрбір желілік басшы болып өткен кездесулердің күн тәртібін бекітіп, кездесудің өтетін күнін, уақытын және орнын белгіледі. Ол туралы барлық қызметкерлер алдын ала ақпараттық стенділер арқылы құлақтандырылды. Кездесулер өткізілгеннен кейін олардың хаттамалары мен кездесуде көтерілген мәселелерді шешу жөніндегі іс-шаралар жоспарлары жасақталып, мәселені бақылауға алу үшін адами ресурстарын басқару және әлеуметтік саясат департаментіне жолданып отырды.

Кездесулердің нәтижесінде біздер Қоғам қызметкерлерінің көкейлерінде жүрген мәселелермен танысуға мүмкіндік алдық. Қойылған сұрақтар әрқилы болды. Қызметкерлеріміз таза өндірістік мәселелерге қоса көлік қатынасы, арнайы киіммен қамтамасыз ету, тамақтандыру, жұмыспен қамту, денсаулық сақтау, жатақханалардағы жағдайға байланысты өтініштерін айтып ой-пікірлерімен бөлісті.

Қоғамымызда компания басшыларының қызметкерлерді жеке мәселелер бойынша қабылдау кестесі бекітілді. Жеке қабылдауларда 39 қызметкердің өтініш-арыздары тыңдалды. Мұндағы негізгі көп көтерілген мәселе - жанұя мүшелерін Қоғамға жұмысқа орналастыру. Өкінішке орай, «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамының Ұлттық компанияға қарасты кәсіпорындарында жұмысқа алуға мораторий жариялауы себебінен бұл өтініштерді қанағаттандыру мүмкін болмай отыр.

Қабылдауларда бұдан басқа жанұялық жағдайына, денсаулығына байланысты компания ішінде жұмыс орнын ауыстыру, зейнеткерлікке шығуға қатысты сұрақтар, материалдық көмек көрсету, біліктілігіне сәйкес лауазымын жоғарылату мәселелерін көтерді.

Компания басшыларының қабылдауына келген әрбір қызметкердің мәселесі егжей-тегжейлі қаралып нақты шешімдер алынды, ал лезде шешілмейтін, қосымша анықтауды талап ететін өтініштер бойынша жауапты мамандарға нақты тапсырмалар берілді.

2017 жылы есептік кездесулерде, желілік басшылардың еңбек ұжымымен кездесулерінде қойылған сұрақтар мен Компания басшыларының қызметкерлерді жеке қабылдауларында айтылған өтініштердің ұзын саны 146 болды. Бұл арыз-өтініштердің барлығы да уақытында қаралып, оларға нақты жауаптары берілді.

Аталған шараларға қоса, Компания басқармасы бекітілген кестеге сәйкес кәсіподақ комитетімен де тоқсан сайын консультациялар өткізіп отырғанын айта кетуім керек. 2017 жылы кәсіподақ комитетімен Қоғамда жүргізіліп жатқан транформациялау процедуралары мәселелері, Компания қызметкерлері балаларының жазғы демалыстарын ұйымдастыру, Қоғам есебінен жұмысшыларымызбен олардың балаларын Елордамыз Астанада өткен «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне эксурсияға жіберу, «Үздік ұжымдық келісім» номинациясында «Парыз-2017» республикалық байқауына құжаттар дайындау, Ұжымдық келісім талаптарының орындалуы сияқты көптеген маңызды мәселелер қаралып талқыланды.

Акционерлік қоғамымыздағы әлеуметтік ахуал мен мұнайшылар арасындағы бірлік пен ынтымақты жоғарылату мақсатында атқарылып жатқан жоғарыда аталған жұмыстарға мұнайшылардың лауазымы мен мамандығына қарамастан белсенді қатысқандары дұрыс. Себебі, бұл біздің ортақ міндетіміз. Осындай игі шаралардың ұжымда әлеуметтік тұрақтылықты нығайтып, тиімді шешімдер қабылдауға мүмкіндік беретіні және сол арқылы компаниямыздың әрі қарай сенімді дамуына оң әсерін тигізетіні анық.

- Сұхбатыңызға рахмет!

 

С.Ғалидуллин

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту