Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
04.07.2018 ЕЛОРДА МЕН ЕЛБАСЫ – ЕГІЗ ҰҒЫМ
  

Елдігіміздің айғағы, мемлекетіміздің мәртебесі – Астанаға - 20 жыл! Тарих үшін қас қағым сәт. Бірақ өзгерістер өлшемі көз ілеспес жылдамдықпен жарысқан бүгінгі кезең үшін аз уақыт емес. Қалай болғанда да, осы уақыт өлшемінің ішінде Қазақстан халқының ерен еңбегінің нәтижесінде әлемнің атақты астаналарымен салтанат жарастырып, көркімен де, көлемімен де бой таластыра алатын қазақ жұртының жас та болса бас қаласы қалыптасты. Ұлы даланың қақ кіндігі – Сарыарқа төсінде бой көтерген арман қаланың күн санап өсіп, көркейіп келе жатқанын көргенде көңілің марқайып, мерейің өсе түседі. Мұндай мақтаныш сезімі өз тағдырын елінің болашағымен байланыстыра қарайтын әр қазақтың көкірегін кернейді...

 Нұрсұлтан Тілембаев – құқықтық қамсыздандыру департаментінің заңгері

- Мен Тәуелсіздік құрдасымын. Жақсыны ырым ететін халықпыз ғой. Әсіресе, дүниеге келген сәбиге атты тектен текке қоймайды. Маған Нұрсұлтан есімінің берілуі - біздің шаңырақтың Елбасыға деген құрметі мен алғысы болу керек. Ата-анам «Болмасаң да ұқсап бақ» деп Хакім Абай айтқандай, бұл есімді маған бүкіл өмір жолымда адастырмайтын Темірқазық болғай деп, жауапкершілік жүктеп ырымдаған. Себебі, адам есімінің де Киесі болады. Шойын құйған металлургтан Тәуелсіз Қазақстанның Президентіне дейінгі жолдан өткен Нұрсұлтан Әбішұлының өмірбаянына қарап бой түзесек, көштен қалмайтынымыз анық. Елбасыға тән қайрат-жігер, білім-білік, кемеңгерлік-көсемдік Нұрсұлтан есімін иеленген барлық қазақ ұлдарына жұғысты болса екен деймін.

Мен жаңа қоғамның өкілімін. Жаңа Қазақстан – біздің ұрпақтың тағдыры. Жасқа – жаңашылдық тән. Ал Астана – жаңа идеяның, жасампаздықтың, дүниедегі бар елмен иық теңестіруге деген қайраткерліктің дәлелі. Сырт жұрт алдымен Астанаға келеді, Астанаға қарап, бүкіл елге баға береді! Астанамыз гүлдеп, өркендеп өсе берсін. Елордамыз халқымыздың тұтастығының ынтымағының, ырысының, берекелі тірлігінің, еліміздің бейбітшілігі белгісі болып қала берсін! Мереке құтты болсын!

 Ши Чанфу – директор департамента по управлению человеческими ресурсами и социальной политике

-    Уважаемые коллеги, поздравляю вас с праздником – Днем столицы! В силу своей работы я часто бываю в Астане и каждый раз не перестаю восхищаться столицей Казахстана.  За короткое время молодая столица стала динамичным и устремленным в будущее городом, с большим созидательным и творческим потенциалом. Сегодня Астана — это чудо, возникшее в степи, гордость Казахстана, восхищающая всех гостей. Поистине этот город с неповторимым архитектурным стилем стал воплощением самых смелых замыслов. Астана отличается гармонией и слиянием культур всех сторон света — Запада и Востока, Севера и Юга. Еще раз поздравляю всех вас и ваших близких с Днем столицы! Желаю вам мира, стабильности и процветания и пусть дальнейшее развитие города объединяет и вдохновляет на будущие свершения!

 Асылбек Жарылғапов – «Жетібаймұнайгаз» ӨБ 3-дәрежелі машинисі, ЭКСПО-2017 көрмесінің куәгері

- Астанаға барған сапарларымның ішінде ерекше есте қалғаны - ЭКСПО-2017 бүкіләлемдік көрмесіне қатысқан сәтім. Көрмені өткізу орны ретінде Астана қаласының таңдалуы да бекер емес екен. Өйткені, Еуразия төсіндегі бұл шаһар бүгінде еліміздің мақтанышына ғана емес, əлем назарындағы қалалардың біріне айналып отыр. Астана жыл өткен сайын жаңарып, күн өткен сайын көркейіп келеді. Мұндай дүниежүзілік деңгейдегі шараны өткізу – елорданың ғана емес, елдің абыройы, Елбасының мəртебесінің асқақтағаны деп білемін. Барша мұнайшыларды Астана күні мерекесімен құттықтаймын! Еліміз өсіп, өркендей берсін!

 Еркін Оңғалбаев – көлік департаментінің автопарк басшысы

Айгүл Асқар – бизнесті жоспарлау және экономикалық талдау департаментінің жетекші экономисі

- Біз осыдан тура 20 жыл бұрын, яғни 1998 жылы Сарыарқа төрінде Астана жарияланған жылы шаңырақ көтердік. Биыл біздің отбасылық ғүмыр кешкенімізге жиырма жыл. Астанамен бірге жасап, өсіп-өркендеп келеміз. Біздің отауымыз да Астана сияқты осы жиырма жылда керегесі кеңіп, іргесіне ат байланатын, ағайынның басын қосатын шаңыраққа айналды. Бес бала дүниеге келіп, өнегелі тәрбие беріп отырған жайымыз бар. Осы жиырма жылда Астана қанша арманға қанат бітірсе, біздің шаңырақтан да тұңғыш ұлымыз арманының жетегінде студент атанды. Тәуелсіз Қазақстанның ертеңіне еңбек ететін жақсы азамат, білікті маман болса екен дейміз.

Астана Астана болғалы барып-келіп тұрамыз. Сонда əр барғанда қаланың өзгеріп кеткенін байқап, қайран қалатынымыз рас. Мұның бəрі Президентіміздің арқасы. Əйтпесе, сонау 1998 жылы ең бір оптимист деген адамдарымыздың өзі Елорданың осыншалықты өзгеріп кететіні туралы қаперіне алған жоқ еді. Міне, осындай ғажайыпты жасап отырған, жасатып отырған Президентімізге мың алғыс! Астана шын мəнінде де қазір елдің орталығына айналды, шын мəнінде де ол Қазақстанның кіндігіне айналды. Қазақстанның қазіргі тартылыс күші Астанаға қарай толық ауып бітті. Бұл біздің еліміздің келешегі кемел екенін білдіреді. Ел-жұртымыздың уыздай ұйи бастағанын байқатады. Солардың бəрі Астананың төңірегіне топтасып жатыр. Біз осыған қуанамыз. Мерекелеріңізбен!

 

Райымбек Түзелов - «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ операторы

 Бәйтерек - Тәуелсіздік қазығындай,

Ақ Орда дулығалы әз ұлымдай.

Астана- байлығымның көрінісі.

Бес ғасырға жетерлік азығымдай.

 

Астана - Алашымның айт өлеңін.

Ел – халық Елордасыз қайтер едің?

Мұнайшылар су қуған тамырыңа

Жайқалып өсе берсін Бәйтерегің.

 

Қолдадық Елбасымен бастаманы.

Жиырмада елестеттің жас баланы.

Қатайған бұғанасы ордасың ғой,

Ұнатты мұнайшылар Астананы.

 

Астана бар ғаламды ғашық етсін.

Өзіне ынтықтырып, асық етсін.

Тілеуін тілеп отқан Алашқа Алла.

Ғасыр тойын тойлауды нәсіп етсін!


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту