Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
25.07.2018 АҚҚУЛЫ ШАҺАР КЕЛБЕТІ: БІЗДІҢ ҮЛЕС
  

Ақтау қаласының 55 жылдығына орай ұйымдастырылған іс-шаралар барысында мемлекеттік қызметшілер, ірі өндіріс компания ұжымдары Каспий теңізінің жағасына кезекті сенбілікке шықты. Бұл жолы облыс орталығының көркейіп, гүлденуіне «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының ұжымы да бір кісідей атсалысты. Тез қарқынмен жүріп жатқан теңіз жағалауының жаңа құрылысына көмектесуге, абаттандыру-тазалық шараларына қатысқан мұнайшылардың саны жүзден асып жығылды. Компанияның көлік, өндіріс, бұрғылау, геология, қоғамдық тамақтандыру, еңбек қауіпсіздігін сақтау, жұртшылықпен байланыс саласының қызметкерлері, сондай-ақ қытайлық әріптестеріміз теңіз жағалауын қоқыстардан тазартып, демалушылар үшін салынып жатқан қос жоба - «Жартастағы соқпақ» және 15 мың адамға арналған амфитеатр құрылысына көмектесіп, жартас жиегіндегі ойлы-қырлы жерлерді тегістеді.

«Сенбілік қала тұрғындарының жауапкершілігін көрсететін шара деп есептеймін. Биыл біздің сүйікті қаламыз – Ақтаудың мерейлі жылы. Осы қалада тұрып жатқаннан кейін мұндай шараларға араласу – парыз. Жан-жағымызда жүріп жатқан құрылыс қарқынынан жағажайдың өлкеміздің ең көрнекті орнына айналатыны көрініп тұр. Тарих пен осы күнді сабақтастыратын нысанның жұрт игілігіне жарарына сенімім мол. Сенбілікке шыққан әріптестеріме ризамын», - деді әріптесіміз, жетекші гелог Дастан Сүйесінов.

Аққулы шаһардың келбетін көркейтуге атсалысқан мыңнан астам адам екі сағаттың ішінде 12 тонна қоқыс шығарды.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту