«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ акционерлеріне хабарландыру
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қазақстан Республикасының «Акционерлік қоғамдар туралы» Заңының 23 бабының талаптарын орындау жолында, дауыс беруші акцияларының иегер акционерінің 2018 жылдың 27 қыркуйектегі №10/09-2018 шешімімен 2017 жылдың қорытындысы бойынша жай және пұрсатты акцияларының иегерлеріне дивиденд төлеуді ұйғарды.
1) «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат.
Қоғамның банктік деректемелері: «Қазақстанның жинақтау халық банкі» АҚ, БСН 990140000483, ИИК KZ636010231000040129, КБе 17, БСК HSBKKZKX.
2) Дивиденд төленетін мерзімі - 2017 жылдың қорытындысы бойынша.
3) Дивидендтің бір пұрсатты акцияға шаққандағы мөлшері – 1010 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).
4) Дивидендтің бір жай акцияға шаққандағы мөлшері – 1010 теңгені құрайды (оның ішінде салық сомасы ҚР заңнамасымен белгіленген тәртіп бойынша төленеді).
5) Дивиденд төлеу – 2018 жылдың 02 қазаннан басталады.
6) Дивиденд төлеу тәртібі мен формасы – дивиденд оны алу құқығына ие акционерлердің тізімі бойынша, қолма-қол емес, акционерлердің банктік шоттарына аудару тәсілі арқылы жүзеге асырылады.
Қоғамның дивиденд төлеу мәселелері бойынша хабарласу деректемелері:
Қазақстан Республикасы, индексі 130000, Ақтау қаласы, 6 ш/а, №1 ғимарат, Қаржы департаменті, тел.: 211-857.
www.mmg.kz |