26-қараша күні «ҚазМұнайГаз» Ұлттық Компаниясы» АҚ Басқарма төрағасы Алик Айдарбаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ еңбек ұжымымен кездесті.
Кездесуді ашқан Алик Айдарбаев ұжымдастарымен кездесіп отырғанына қуанышын білдіріп, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ бүгінгі жағдайының жақсы екендігін атап өтті:
-«Өзенмұнайгаз» мұнайшыларымен кездесу өткізіп, қайтар жолда Жетібай кенорнында бір кездері өзім еңбек жолымды бастаған топтық қондырғыға соқтым. Байқағаным, көптеген оң өзгерістер орын алыпты, жаңа топтық қондырғылар орнатылған, қызметкерлерге жақсы жағдайлар жасалған, өндірістің жоғары мәдениеті қалыптасқан. Біздің уақытымызда бұл қол жетпес жетпестей нәрсе еді. Жалпы алғанда, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жұмысына ризамын, компанияның даму қарқыны жоғары, жоспарл уақытылы орындалуда. Бұл Компанияның – еліміздің мұнай сөнеркәсібінің көшбасшысы екендігінің дәлелі!
Кездесу барысында «ҚазМұнайГаз» АҚ Басқарма төрағасы еңбек ұжымын «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ директорлар Кеңесінің шешіміне орай Қоғамдағы кадрлық тағайындаулар туралы айтты. Акционерлер Келісімінің Ережелеріне сәйкес, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жоғары санаттағы басшылар мен бөлім басшыларын тағайындау құқығының мерзімділігі үш жыл сайын ауысып отырады. Алик Айдарбаев «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры болып, бұрын бас директордың орынбасары қызметін атқарған Лю Цзиньчэн мен соңғы үш жылда Бас директордың лауазымын иеленген Бақыт Иманбае бас директордың орынбасары ретінде жұмыстарын жалғастыратындықтарын атап өтті. Компания басшыларына сәттілік тілей отырып, ынтымақ-бірлікте жұмыс атқару керектігін және өндіріс өнімділігін жоғары деңгейде ұстауға тапсырма берді.
Ұжым атынан сөз алған Бақыт Иманбаев Төрағаға алғыс білдіріп, алға қойылған мақсаттарды орындау жолында «Маңғыстаумұнайгаз» компаниясы мұнайшылары бар күш-жігерлерін жұмсайтындығына сенім білдірді. |