Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
01.02.2019 МІНДЕТТЕР АЙҚЫНДАЛДЫ

  

"Нұр Отан" партиясы "Маңғыстаумұнайгаз" бастауыш партия ұйымының ұйымдастыруымен қаңтар айының 25 күні "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасында "Нұр Отан" партиясы Ақтау қалалық филиалы жанынан құрылған ақпараттық топтың жетібайлық партия мүшелерімен кездесуі өтті. Шараға "Нұр Отан"партиясы Ақтау қалалық филиалының консультанты Қ. Дәулетбаева, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты Қ. Есетов, Ақтау қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Е. Жанбыров, Маңғыстау облыстық қоғамдық кеңесінің мүшесі А. Сүгірбай және "Жаңа Серпін орталығы" КММ жұмыспен қамту бөлімінің бас маманы Ж. Сабытаев қатысты.

Кездесу барысында топ мүшелері жиналған жұртшылықты Партия қызметімен таныстырып, Елбасы жолдаулары мен бағдарламалық құжаттар туралы және олардан туындайтын мақсат-міндеттер мен мүмкіндіктер жөнінде айтып берді.

Өлкеміздегі жұмыссыздық проблемасымен тыңғылықты күрес жүргізіп келе жатырған "Жаңа Серпін" орталығының қызметі көпшіліктің ерекше қызығушылығын тудырды. Елімізде баламасы жоқ орталық қайта оқыту, біліктілікті арттыру, арнайы маман даярлау мәселесімен айналысып келеді. Осы орайда, көпшіліктің сұранысын қанағаттандыру үшін, жуырда "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармасы қызметкерлері үшін орталықтың арнайы презентациялық кездесуін өткізу жоспарлануда.

Кездесу соңында ақпараттық топ тарапынан партия мүшелеріне Партия қызметіне етене араласу, белсенділіктерін арттыру туралы үндеу тасталды.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту