«ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ (бұдан әрі - ҚМГ) Қаламқас кен орнының №8237 ұңғымасында болған жағдайға байланысты төмендегіні хабарлайды:
Осы жылдың 13-ші наурызында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға қарасты Қаламқас кен орнының күрделі учаскесінде ұңғыманың құрылысы барысында кен орнының орталық бөлігіне тән техногендік сипаттағы газ-су аралас табиғи бұрқағы шыққан. 25 наурызда жер бетіне шыққан газ-су қоспасының ошағы жана бастады.
Жедел штаб құрылып, оның құрамына Төтенше жағдай департаментінің өкілдері, экологтар, тәртіп сақшылары, өндірістік қауіпсіздік мамандары, ҚМГ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «СиБУ» ЖШС және Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерлері кірді.
Өртті ауыздықтау және төтенше жағдайды жою үшін барлық шара қолданылды. Төтенше оқиға орнында 80 маман, 25 түрлі техника жұмылдырылды.
28.03.2019 түнгі сағат 01.05 №8237 ұңғымасы маңайындағы грифонда шыққан өрт сөндірілді. Қазіргі таңда, пайда болған грифондар жабылып, газ-су аралас табиғи бұрқақтың жер бетіне шығуы тоқтатылды.
Зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ. Алдын ала мәліметтер бойынша, материалдық шығын көлемі шамалы.
Қазіргі сәтте қайта қалпына келтіру үшін кешенді жұмыстар жүргізілуде. Мамандар алдағы уақытта осындай төтенше жағдайлар қайталанбас үшін жан-жақты сараптамалық жұмыстарын жүргізетін болады.
|