1. Жалпы ережесі
«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Қазақ мұнайының 120 жылдығын және «Қаламқас» кенорнының 40 жылдығын мерекелеу аясында 2019 жылдың 10 шілде мен 30 тамыз аралығында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерей тойына арналған жазба жас ақындардың облыстық ашық жыр мүшәйрасын өткізеді.
2. Мүшәйраның мақсаты
- Қазақ мұнайының 120 жылдығын және «Қаламқас» кенорнының 40 жылдығын мерекелеу аясында жастар арасында Қазақстанның Халық жазушысы, мемлекет және қоғам қайраткері Ә.Кекілбаев шығармашылығының қазақ қоғамы мен әдебиеті үшін маңызын ашу;
- көркемдік ерекшелігін, бай сөз қорын насихаттау арқылы жас ақындардың шеберлігін шыңдап, өлеңге деген ынтасын ояту;
- жазушының рухани мұрасына деген қызығушылық тудыру;
- ел арасындағы таланттарды танып, олардың шығармашылық ізденісін ұлғайту;
- Ә.Кекілбаев шығармашылығы арқылы жастарды Тәуелсіз Қазақстанның тарихын білуге, патриоттық сезім мен азаматтық жауапкершілігін арттыруға баулу;
3. Мүшәйраның тақырыптары
- Әбіш Кекілбаевқа арнау (1 өлең);
- «Ұйқыдағы арудың оянуы» - Маңғыстау мұнайы туралы (1 өлең);
- Еркін тақырып (1 өлең).
4. Мүшәйраны ұйымдастыру және өткізу тәртібі, мерзімі.
- 15 шілде -10 қыркүйек аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әкімшілік-әлеуметтік мәселелер департаментіне қарасты жұртшылықпен байланыс бөлімі шығармаларды қабылдау жұмыстарын жүргізеді.
- 15 қыркүйекке дейін - іріктеу кезеңі, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі - Әбіш Кекілбаевтың 80 жылдық мерейтойы аясында Оңды ауылында (уақыты қосымша хабарланады).
5. Мүшәйраның шарттары
- Мүшәйраға Маңғыстау облысының 16-35 жас аралығындағы ақындары қатыса алады.
- Байқауға қатысушылар Кемеңгер, Замана Заңғары Әбіш Кекілбаевқа арналған, сондай-ақ ел экономикасының тірегіне айналған мұнай-газ саласын арқау еткен өлеңдерді және өзі қалаған тақырыптағы поэзиялық шығармаларын тапсыра алады.
- Байқауға келіп түскен өлеңдер алдын ала қазылар алқасының талқылауынан өтіп, іріктеледі.
- Сұрыптаудан өткен өлеңдер ғана ақындар мүшәйрасының қорытынды кешіне шақырту алып, марапаттау салтанатына қатыса алады.
- Марапаттау кешінде жүлделі үш орынға және ынталандыру орындарына ие болған өлең авторларының ғана өз шығармаларын мәнерлеп жатқа оқуға мүмкіндігі болады.
6. Мүшәйраның талаптары:
- Мүшәйраға қатысушы талапкер берілген тақырыптарға сай бұрын ешбір жерде жарияланбаған, бұған дейін ешбір байқауға қатыспаған авторлық өлеңдерін ұсынады.
- Авторлар өлеңдерінің бір данасын электронды түрде СD-дискіге немесе флешкаға жазады. Екінші данасын А4 форматтағы параққа жазып, электронды нұсқамен бірге №1 үлкен конвертке салады. (шрифт 12 кегліде, жоларасы 1,5 интервал, Times New Roman қарпі) Өлеңнің екі данасына да автордың бүркеншік аты жазылады.
- Әр өлең көлемі 3 беттен аспауы тиіс.
- Автор өзі туралы толық мәліметті, байланыс нөмірлерін, мүшәйраға қатысу туралы сұранысты төмендегі үлгі бойынша толтырып, 10х15 көлеміндегі сапалы суретімен қосып, №2 кішкентай конвертпен жолдайды.
- Мүшәйраға қатысу үшін жолданған құжаттар кері қайтарылмайды және ұйымдастыру алқасының авторлардың өлеңдерін БАҚ беттеріне, жинаққа жариялауға хұқы бар.
- Өлеңдер мен өтініштер 2019 жылдың қыркүйек айының 10-на дейін «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ әкімшілік-әлеуметтік мәселелер департаментіне қарасты жұртшылықпен байланыс бөлімінде қабылданады.
- Қатысушылар өлеңдерін мына мекенжайға жіберуі керек: Ақтау қаласы, индекс 130000, 6 шағынаудан, №1-үй «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеңсесі. Байланыс телефондары: 8 (7292) 212194, 87077034444.
7. Ұйымдастыру комитеті
- Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу бойынша басшылықты жүзеге асырады, жүлделі орындардың саны мен ақшалай сыйақының мөлшерін анықтайды.
- Ұйымдастыру комитеті іс –шараның ақпараттық жарнамалық қолдау түрлерін айқындайды.
- Ұйымдастыру комитеті дайындау және өткізу барысында туындайтын өзге де ұйымдастыру мәселелерін шешеді.
- Барлық тіркелген шығармаларды ұйымдастыру комитеті байқаудың сарапшыларына алдын –ала қарауға береді (қазылар алқасы).
- Ұйымдастыру комитеті мүшәйраға қатысқан шығармаларды жариялауға немесе жинақ қып шығаруға құқылы.
8. Мүшәйраның қазылар алқасы
- Қазылар алқасының құрамы әдебиетпен мәдениеттің және қоғам қайраткерлерінен құралады.
- Қазылар алқасы мүшелері өз көзқарасын 10 балдық көрсеткіш бойынша бағалайды.
- Қазылар алқасының шешімі түпкілікті, хаттамамен рәсімделеді және қайта қарауға жатпайды.
- Мүшәйраның жеңімпаздарын марапаттау кезінде сыйлықтарды (Бас жүлдеден басқасын) бөліп беруге немесе арнайы сыйлықтар тағайындауға құқылы.
9. Жеңімпаздарды марапаттау:
- Мүшәйраның жеңімпаздары I, II, III дәрежелі Дипломдармен, Алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
- Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі Маңғыстау ауданы Онды ауылы «Ай-ана» ескерткіші жанындағы алаңда Ә.Кекілбаевтың 80 жылдық мерей тойын атап өтуге арналған мерекелік шара кезінде өтеді.
- Мүшәйраның жеңімпаздары туралы хабарлама «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы сайтында www.mmg.kz және БАҚ-да жарияланады.
- Мүшәйраның қорытындысы бойынша мульти-медиялық жинақ басып шығарылады.
- Мүшәйра жеңімпаздары қосымша жарияланып шақырылады. Мүшәйра жеңімпаздарының барлық шығыны өз есебінен жабылады.
№2 конвертке салынатын сұраныс үлгісі
|