Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
27.05.2019 ҚАЛАМҚАС КЕНОРНЫНДАҒЫ №8237 ҰҢҒЫМАСЫ ЖАНЫНАН ПАЙДА БОЛҒАН ГРИФОН (СУ-ГАЗ ҚОСПАСЫНЫҢ АТҚЫЛАУЫ) ТУРАЛЫ

  

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Қаламқас кенорынындағы №8237 ұңғымасында орын алған жағдай бойынша төмендегіні хабарлайды:

Биылғы мамыр айының 22 жұлдызы күні сағат 18.20. шамасында Қаламқас кенорнында орналасқан №8237 ұңғымасы жанынан су-газ қоспасының атқылауы (ГРИФОН) пайда болған еді. Жалпы, грифондардың қайта пайда болуы күтілген жағдай, оған мамандар дайын болды: ұңғыманы басқару тетіктері сақталып, сағасы өртке қарсы құрылғылармен жабдықталып, тұншықтыру және дроссельдеу блогымен қамтылды. Грифон 1 шаршы метр алаңда биіктігі 30-40 см-ден, 10 шаршы метр алаңда биіктігі бір метрге дейінгі аумақты алды.

Су-газ қоспасы (грифон) пайда болған аймақтағы қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша жедел штаб құрылып, оқшаулау жұмыстары жүргізілді, қауіпті деп табылған аймақ қоршауға алынып, авария салдарын жоюға тікелей қатысы жоқ адамдарды өткізуге тыйым салынды; грифон бетіне мергель топыраған төгу жұмыстары жүргізілді; грифоннан су мен газдың сынамасы алынды; осыған орай су мен газдың құрамы бойынша ықтимал көздер (газды және сулы қабаттар) анықталды; газ бен судың шығуына себепкер болуы мүмкін су айдау және газ өндіру ұңғымалары анықталып, тоқтатылды.

Атқарылған шаралар нәтижесінде 26 мамыр күні, сағат 20:40 шамасында №8237 апаттық ұңғымасынан су-газ қоспасының (грифон) атқылауы тоқтатылды.

Осыған дейін биылғы жылдың наурыз айында орын алған грифондардың өртену оқиғасынан кейін «НИИ ТДБ «Қазмұнайгаз», «ММГ» АҚ және тәуелсіз сарапшылардын қатысуымен жұмыс тобы құрылды. Аталған жұмыс тобы №8237 апаттық ұңғымасының айналасынан ауданы 4 шаршы шақырымды құрайтын зерттеу аймағын белгіледі. Бұл аймақта 98 ұңғыма тексеруге алынды, олардың арасында жұмыс жасап тұрғандары, жұмыс жасамай тұрғандары және ликвидациялық ұңғымалар бар. Зерттеу жұмыстарының мақсаты - грифондардың пайда болу, табиғи газ бен су шоғырланған жер қабаттарындағы техногендік газ көшкіні себептерін анықтау.

Қазіргі таңда бұрғылау жұмыстарын жүргізу және кенорынды игеру кезінде мұндай жағдайлардың орын алмауы үшін тиісті шаралар атқарылуда. Бұл шараның орындалуы барысында су-газ қоспасының атқылау жағдайы қайталануы мүмкін. Бірақ, ол басқарылатын процесс.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту