Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
05.07.2019 АРЫСҚА – КӨМЕК
 

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы Басқармасы өз шешімімен Арыс қаласында болған жарылыстан зардап шеккен қала тұрғындарына көмек көрсету мақсатында 20 миллион теңге көлеміндегі қаражатты қайырымдылық қорына аударды.

«Арыстағы төтенше жағдай бүкіл Қазақстан халқын біріктірді. Қысылғанда көмекке дайын тұратын халқымыздың ұйымшылдығы мен бірлігіне куә болып отырмыз. Еліміздің азаматтары қайғылы оқиғаға тап болған арыстықтарға барынша қолдау көрсетіп, көмек қолын созып жатыр. Бұл  жағдайды біздің компанияның мұнайшылары да зор алаңдаушылықпен қабылдады.  Әлеуметтік жауапкершілік – біздің компания саясатының басым бағыты. «Маңғыстаумұнайгаз» акционелік қоғамының Басқармасы да  Арыстағы ағайынмен бірге екенімізді айтқым келеді. Кешегі қайғылы оқиғадан қаза болған азаматтардың туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз. Жарақат алған кісілердің тез сауығып кетуін тілейміз" –деп атап өтті Қоғам Бас директорының  әкімшілік және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Жетібай Төлеғожаев.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту