Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
20.09.2019 «МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕ» ҚОРЫ ХАБАРЛАЙДЫ

   

«Мұнайлы өлке» қайырымдылық қоры қамқорлық кеңесі қыркүйек айында өткен отырыстың хаттамасына сәйкес келесідей қайрымдылық шаралары жүзеге асырылғанын хабарлайды.

Өткен айда Қор атына 3 өтініш келіп түсті. Біріншісі көпбалалы ана Т.Сырлыбаеваның балаларын мектепке дайындап көмектесу туралы өтініші және науқасқа шалдыққан Турин Б., Қазтуғанов Р. есімді әріптестеріміздің екі бірдей өтініші.

Кеңес мүшелері өтініштерді қарастыра келе жиналған қаражаттың 212670 теңгесін «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы азқамтылған отбасы анасы Т.Сырлыбаеваның өтінішін қанағаттандыруға және қалған 490000 теңгені теңдей бөліп науқасқа шалдыққан Турин Б. және Қазтуғанов Р. есімді әріптестеріміздің мұқтаждығына жұмсау туралы шешім қабылдады.

Сіздер де Қор қатарына қосылып, мұқтаждарға көмек беремін десеңіз 212194 телефон нөміріне хабарласып, арыз үлгісін алуға шақырамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Жүрек жылуымен бөлісе жүрейік.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту