Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
04.10.2019 ТАКТИКАЛЫҚ АРНАЙЫ ОҚУ-ЖАТТЫҒУ

  

Қыркүйек айының 30-ы мен қазан айының 4-і аралығында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамы нысандарында «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезіндегі жұмысшылардың әрекеттері және ОИТҚ диспетчерлерімен өзара әрекеттесуі, басқару пунктінің, хабарлау және байланыс жүйесінің дайындығы» тақырыбында жоспарлы тактикалық-арнайы жаттығу өтті.

Осы тактикалық-арнайы жаттығуды іске асыру мақсатында қауіпсіздік техникасы, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаментінің  Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар тобы құрылымдық бөлімшелер мен мердігер мекемелерге осы тактикалық-арнайы жаттығулар жөнінде ұйымдастыру ережелерін жіберіп, облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне хабарлама берді.

Төтенше жағдай туындаған жағдайда кеңсе қызметкерлерін нысаннан шығарып, эвакуациялаудағы дайындық деңгейін арттыруды көздеген шарада сценарий бойынша, 17 сағат 20 минутта Бас кеңседе өрт болғаны туралы сирена дабылы соғылды. Сиренаға қосымша Қауіпсіздік қызметі іштегі жұмысшыларға ескерту жүргізіп, 14 минут өткенде барлығы дерлік шығып болды. Компания қызметкерлері құтқарушылар келгенше адамдарды эвакуациялауды ұйымдастырып, әкімшілік ғимаратты электр желісінен ажыратты. Объектіге кіретін барлық есіктер мен қақпаларды ашты.

Өткізілген оқу-жаттығудың негізгі мақсаты - нысан қызметкерлерінің төтенше жағдай және адамдарды көшірудегі іс-қимылдарын пысықтау болды. Оқу-жаттығуға Маңғыстау облысының төтенше жағдайлар департаментінен аға инженер Айнабек Жаслан қатысты.

Осындай оқу-жаттығу Қаламқас, Жетібай кенорындарында да жалғасын тапты. Кемшіліктер де жоқ болмады. Шара қорытындысы бойынша жауапты қызметтердің үйлесімді жұмыс жасауына бірқатар сындар айтылды. Қызметтердің өзара байланысын жетілдіру жөнінде ұсынымдар берілді. Оқу-жаттығудың мақсаттары мен міндеттері толығымен орындалды.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту