Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
13.11.2019 ҚЫЗМЕТКЕР МҮДДЕСІ – БАСТЫ НАЗАРДА

  

Қараша айының 11-і күні Компания мәжіліс залында «Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ералы Лұқпанұлы Тоғжановтың қатысуымен өңірдегі ірі кәсіпорын басшылары мен еліміздегі шипажай жетекшілерінің кездесуі өтті. Жиын барысында жергілікті кәсіподақ ұйымдарының қызметіндегі жетістіктер мен қиындықтар туралы сөз қозғалып, алға қойылған жоспарлар пысықталды.

Кәсіподақ ұйымдарының негізгі міндеті жұмыс беруші мен жұмысшы арасындағы қарым-қатынасты заң аясында реттеп, қызметкерлер мүддесінің аяқасты болмауын қадағалау, қамтамасыз ету болып табылады. Осы орайда Компания атынан сөз алған бас директордың бірінші орынбасары Қалбай Әжімбайұлы Измуханов Компания тарапынан жасалған жұмыстарға тоқталып, ұжымдық келісім шарттың орындалуы жөнінде баяндап берді:

-Компанияның 2019 жылға арналған әлеуметтік кепілдеме, компенсация және жеңілдіктер бюджетінде 4 млрд. 576 млн. 539 мың теңге қарастырылған. Ал 2019 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша оның 3 млрд. 530 млн. 151 мың теңгесі игерілген яғни ұжымдық шартқа сәйкес жұмсалған. Оның ішінде 4 және одан да көп бала тәрбиелеп отырған компания қызметкерлеріне 100 айлық есептік көрсеткіш деңгейінде (252 мың теңге) – 189 млн. 880 мың теңге, мүгедек бала тәрбиелеп отырған қызметкерлерге 50 АЕК көлемінде 15 млн. 529 мың теңге, жаңадан балалы болған қызметкерлерге 50 АЕК көлемінде 33 млн 583 мың теңге, сондай-ақ, компания қызметкерлерінің мектепке дейінгі мекемелерге төлейтін қаражатының белгілі бір бөлігін өтеу мақсатында 32 млн 978 мың теңге жұмсалған. Бұл жалпы ұжымдық шарттағы жеңілдіктердің бір парасы ғана.

Өз кезегінде «Қазақстан Кәсіподақтар Федерациясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Басқарма тарапынан ұжым арасындағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға жасалып жатқан жұмыстар үшін алғысын білдірді. Компания ұжымдық шарты аясында жасалған келісімдердің орындалуына жоғары бағасын бере келіп, компанияның жергілікті кәсіподақ қызметі төрағасына келесі үшжылдыққа жасалатын ұжымдық шарт әлеуеті бұрынғыдан да жоғары болуын қамтамасыз етуді тапсырды.

Жиында Бірлестік төрағасының арнайы шақыртуымен келген шипажайлар өкілдері де кәсіподақ мүшелерінің еңбек демалысын тиімді ұйымдастыру, аурулардың алдын алу және оларды болдырмау төңірегінде өз ұсыныстарын айтып әріптестік ауқымын кеңейтуге шақырды.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту