Қараша айының 2-жұлдызында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында биыл құрметті еңбек демалысына шығатын бірқатар қызметкерлер ұлықталып, Қазақ мұнайының 120 жылдық төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты шара Компания бас директоры Лю Цзиньчэн мырза мен бас директордың бірінші орынбасары Қалбай Ізмұхановтың құттықтау сөздерімен ашылды.
Компанияның дамуына үлес қосқан бірқатар азаматтарға Қазақ мұнайының 120 жылдық төсбелгісі тағылып, әріптестерінің ілтипатына бөленді. Абыроймен қызмет атқарып, бүгінгі күні қызметінің зейнетін көргелі отырғандар қатарында Аманжан Тұрақбаев, Досан Демегенов, Венира Ақжігітова, Наталья Капулер, Меңді Қалжанова, Мария Максимова және тағы басқалар бар. Олар аталмыш салада ширек ғасырдан астам уақыт қызмет етіп, өз саласында жоғары көрсеткіштерге, биік жетістіктерге қол жеткізіп, іскерлік пен біліктілік арқасында әріптестер арасында зор абырой мен құрметке ие.
Салтанатты жиында марапат иелерене домбырадан күй шертіліп, әсем әннен шашу шашылды.
|