Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
06.12.2019 «МҰНАЙЛЫ ӨЛКЕ» ҚОРЫ ХАБАРЛАЙДЫ

   

«Мұнайлы өлке» қайырымдылық қоры қамқорлық кеңесі қыркүйек айында өткен отырыстың хаттамасына сәйкес келесідей қайрымдылық шаралары жүзеге асырылғанын хабарлайды.

Қыркүйек-қараша айларында Қор атына 4 өтініш келіп түсті. Қыркүйек айында көпбалалы ана Т.Сырлыбаеваның балаларын мектепке дайындап көмектесу туралы өтініші мен науқасқа шалдыққан Турин Б., Қазтуғанов Р. есімді әріптестеріміздің екі бірдей өтініші қабылданса, қараша айында тағы бір әріптесіміз «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ қызметкері А.Утебергеновтың еміне қаржылай көмектесу туралы жазылған өтініш қаралды.

Кеңес мүшелері өтініштерді қарастыра келе қыркүйек айында жиналған қаражаттың 212 670 теңгесін «Мектепке жол» акциясы аясында көпбалалы аз қамтылған отбасы анасы Т.Сырлыбаеваның өтінішін қанағаттандыруға және қалған 490 мың теңгені теңдей бөліп науқасқа шалдыққан Б.Турин және Р.Қазтуғанов есімді әріптестеріміздің мұқтаждығына жұмсау туралы шешім қабылдады. Ал қараша айында Қор салымшыларынан түскен ерікті жарнаның 200 мың теңгесін әріптесіміз А.Утебергеновке көмек ретінде жұмсау туралы шешім қабылдады.

Сіздер де Қор қатарына қосылып, мұқтаждарға көмек беремін десеңіз 212194 телефон нөміріне хабарласып, арыз үлгісін алуға шақырамыз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл! Жүрек жылуымен бөлісе жүрейік.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту