Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
28.01.2020 ТАҢДАНДЫРҒАН САПАР
     

Қытайдың «Бір белдеу, бір жол» стратегиялық бағдарламасы халықаралық ынтымақтастықтың тиімді құралына айналып келеді. Бағдарлама аясында серіктестер қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. 2010 жылдан бастау алған дәстүрлі бағдарлама арқылы «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының 189 қызметкері Қытай Халық Республикасында білімдерін шыңдап, тәжірибе алмасты. Қытайлық мұнай өнеркәсібінің дамуы туралы мұнай мен газ өндірудің жаңа тәсілдерін оқып, меңгерген әріптестеріміз сапар барысында алған әсерлерімен бөлісті:

 Бекеш Кыдыров, начальник отдела  развития и обучения персонала ДУЧР АО «Мангистаумунайгаз»

- В целях повышения квалификации, расширения кругозора и обмена опытом с китайскими специалистами в области нефти и газа на ежегодной основе реализуется программа по обмену опытом в Китайской Народной Республике (КНР). В период с 2010 года по 2018 год было направлено 178 работников Общества.

Так, согласно календарному плану обучения на 2019 год, руководством АО «Мангистаумунайгаз» была сформирована группа из числа работников ПУ «Каламкасмунайгаз» и ПУ «Жетыбаймунайгаз» в составе 11 человек.

Маршрут программы на 2019 год включал 5 городов КНР, это Пекин – Женьцю – Даган – Ханчжоу – Шанхай. Программа стартовала в головном офисе CNPC в Пекине, где была организована церемония открытия курса директором международных отношений CNPC г-м Лу Чжуцюань.

Согласно утвержденной программе, были организованы курсы обучения по темам: «Управление проектами», «Подкисление и гидроразрыв пласта», «Новые технологии повышения нефтеотдачи пласта», «Предупреждения аварий, анализ аварийных происшествий», лекции по новым технологиям разведки. Так же посетили Китайский Нефтяной Университет, где был презентован доклад профессором Ян Минцин о развитии и сегодняшнем состоянии нефтяной промышленности КНР. Очень интересно и занимательно прошел визит в геологический институт в Ханчжоу при CNPC, институт нефтедобычи при нефтяном месторождении Даган, научно-исследовательский институт месторождения Хуабэй и их лаборатории. Не менее познавательным была экскурсия и обзор по самим месторождениям Хуабэй и Даган, где была представлена система подготовки, перекачки нефти и поддержания пластового давления. В ходе экскурсии сформировалась большая площадка по обсуждению технологий и обмену опытом между китайскими специалистами и нашими работниками. Для более глубокого и детального обсуждения наземного и подземного оборудования, были представлены презентации, научные работы и результаты их исследований уже в головных офисах в формате круглого стола.

Посетив Поднебесную, не остались без внимания и культурные мероприятия. Наряду с посещением производственных объектов так же были организованы экскурсии по таким достопримечательностям Пекина как Великая Китайская стена, Олимпийский парк, дворец императоров – музей Гугун, посетили парк города Ханчжоу, где проводился саммит G20 в 2016 году, а так же прогулка по городу Шанхай. Страна удивила своей разнообразностью и колоритностью. Очень редкое сочетание, когда верность традициям древней цивилизации и бешеный ритм жизни современных мегаполисов сплелись воедино.

 

Батырхан Қуанбай, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, КМДжӨЦ бастығының орынбасары

-Экономикасы қуатты елдерге сапар жасау - кез келген адамның арманы. Ғылым-білімі, технологиясы қарыштап дамыған мәдениеті мәнді, өркениеті сәнді елдерге еріксіз таңданып, қызыға қарап, көкіректе “Менің елім де осындай болса”- деген ұлы арман жүрегіңде оянады.

Жақында “Бір белдеу - бір жол” стратегиялық бағдарлама аясында Қытай еліне табаным тиді. Мамандығым мұнайшы болғандықтан “Аспан асты елі” атанып кеткен ұлы империяның мұнай саласындағы жетістіктері мен технологиясымен танысуды мақсат тұттым. Бұл - миллиардтан астам халқы бар елге бірінші рет келуім. Сапарымды ел астанасы Пекиннен бастадым. Сәулеті сәуле шашқан, қарасаң қалпағыңды ұшыратын зәулім ғимараттар көзді арбайды. Көшесі толған адам. Жөн сұрасаң жымия қарап ізет көрсететін ізгі жандар деп қаласың. Жалпы көше мәдениеті мен тәртібі келген қонақты төрге қондырғандай екен. Көше бойы құжынаған халық. Қажырлы еңбекпен ерінбей жүрген ерендер екен қытайлықтар. Бір таңданар жайт - көшелерінде көлік кептелісі атымен жоқ деуге болады. Кең жолда кеңінен көсілген көліктердің жаяу жүргіншілерге кедергі жасап жатқанын көзіміз көрген жоқ. Аспанында аспалы жолдар жүйткіген көліктерді көтеріп алып бара жатқандай. Астанасында 25 миллионға жуық халық тұрады екен. Қаз қатар тізілген дүкендерге қарап сауда саласының дамығанына көз жеткізесің. Мұндай өркениетке Қытай елі білім мен ерен еңбектің арқасында жетті. Сәнді қаланы аралай жүріп, келген мақсатымызға қарай ойыстық. Мұнай саласының жілігін шағып, майын ішкен мамандары да осы елде көп екен. Тыңдаған лекцияларымыз, алған тәжірибеміз өзімді қатты қызықтырды. От жағу әдісімен мұнай алу тәжірибесімен де тереңнен таныстық. Теңізден мұнай алу кәсіпорнындағы цифрлық технологияның жұмысы таңдай қақтырды. Техникалар адам жұмысын жеңілдеткен. Мұнай өндіру барысындағы апатты жағдайларды болдырмау және оны тізгіндеудің әдіс-тәсілдерін меңгердік. Әйгілі “Хуавей” компаниясының кәсіпорнымен танысып, Даган өндіріс ошақтарының басы- қасында жүріп, мол тәжірибеден өттік. Сондай-ақ, Ханчжоу геологиялық институтынан «мұнай-газ барлаудың жаңа технологиясы,  жаңа тәсілдері» тақырыбы бойынша дәріс тыңдадық. Бір сөзбен айтқанда Қытай мен ойлағаннан да жоғары дамып кеткен ел екен.

Шіркін, біздің жас мемлекетіміз де осындай алып державалармен иық теңестірер күнге тезірек жетсе екен деп тіледік. Осы маңызы зор іссапарға мұрындық болған “Маңғыстаумұнайгаз” АҚ басшылығына алғысым шексіз.

 

Жолдас Маңғыбаев, «Жетібаймұнайгаз» ӨБ, №1 МГӨЦ инженері

- Қараша айындағы түнгі ауысымда жүргенімде телефоныма басшылық шығып, қызмет барысында қандай да бір сөгіс алған-алмағанымды нақтылаған еді. Көп ұзамай «бас кеңсеге жетіңіз, бір топ мұнайшылар Қытайға онкүндік оқуға жіберіледі. Ішінде сіз де барсыз» - деген хабар жетті. Бұл хабарға қуанғаным рас енді. Бұрын соңды шет елге шығып көрмеген мен үшін Қытайға саяхаттың қайта-ланбас әсерлерге толы болатынына сенімді едім.

Алғашқы нысан Пекин қаласындағы СNPC-дің бас кеңсесі болды. Ол жерде СNPC-дің халықаралық қатынастар жөніндегі директоры Лу Чжуцюань мырза қазақстандықтарды жылы шыраймен қарсы алып, курстың ашылу салтанатымен құттықтады. Қытай-лық әріптестер «жобаларды бас-қару», «жаңа технологияларды игеру» және тағы басқа өндіріске қатысты тақырыптарда лекциялар оқып, арнайы топты кенорындарындағы техникалық жетістіктерімен таныстырды. Заманауи автоматтандырылған жүйелер, заманға сай жиһаздар және өзге де көптеген ерекшеліктер бірден көзге түседі. Біз барған оқу орындары соңғы үлгідегі зертханалармен қамтылған екен, онда мұнайды жерден және шельфтен максималды алу мақсатында үлкен жұмыстар жасалынып жатыр. Тәжірибе алмасу барысында университеттеріндегі мұражаймен де таныстық. Ең алғаш мұнай алған кезде (НТК) тұрба ретінде қолданылған бамбук ағаштарын мұражайларының төріне құнды жәдігердей жайғастырыпты. Тарихи құндылықтарын ерекше қастерлейтін ел қарқынды дамыған. Бір қаладан екінші қалаға көзді ашып-жұмғанша соңғы үлгідегі жүйткіген поездармен жеткізіп отырды. Пекин қаласының ауа-райы Маңғыстауға ұқсайды екен. Ал, Женьцю, Шанхай қалаларына көктем келіп жатқандай ой қалдырды. Біздің мұнайшыларға мұндай сапарлардың пайдасы зор. Осындай екі жақты қарым-қатынас арқасында кәсіби біліктілігімізді жоғарлатуды көздеген бағдарлама жалғасын таба берсін!

 

Аманжол Қилыбаев, «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ, ГжКИЖТБ жетекші геологы

-   Қытай Халық Респуб-ликасына «Манғыстаумұнайгаз» АҚ-нан 11 адамнан тұратын топ болып 19 желтоқсан күні таңда ұшып бардық. Пекин – Женьцю – Даган – Ханчжоу – Шанхай қалаларында өткен «Мұнай кен орындарын игеру технологиясы» курсы бойынша оқу семинары және экскурсия кезінде көптеген тәжірибе жинап қайттық.

Қытайлық әріптестердің жылы шыраймен қарсы алуы, бес сағаттай ұшақ үстінде шаршап-шалдыққан біздерді әп-сәтте сергітіп жіберді.

Әуежайдан бастап қонақ-жайлықпен қарсы алу, сыйлау, күту кеткенге дейін өз жалғасын тауып отырды. Пекин қаласының түнгі көрінісі, оның таңқаларлық архитектуралық өзгешеліктері, ғажап көп қатарлы бір-біріне ұқсамайтын, қайталанбас құрылыс ерекшеліктері таң қалдырды.

Онкүндік семинарда көптеген тақырыптарға лекциялар оқылып, сұрақтарға жауап берілді. Мұнда күнделікті жұмыс тәжірибесінде кездесіп жүрген проблемалық тақырыптар қозғалып, оларды шешу жолдары да талқыланды.

Сапарымыз семинармен қоса экскурсиямен жалғасып отырды. Ерекше есте қалғаны - Ұлы Қытай Қорғаны, Император сарайы, сағатына 380 шақырым жылдам-дықпен Шанхай қаласынан Пекинге 4 сағатта жүретін жүйрік поезд, Ханчжоу қаласының таңқаларлық табиғаты.

Мемлекет өзінің ұлттық құндылығын сақтай отырып, өте жоғары деңгейде даму үстінде. Олай дейтінім – сырттан барған шетел азаматтарының Қытай еліне келіп, онда жүргенін шын мәнінде сезінуі. Себебі, барлық азаматтары өз ана тілдерінде сөйлейді. Бүкіл ғимараттар, сауда орындары, мәдениет ошақтары мен жеке кәсіпорындарының атаулары, жарнамалары тек қана қытай тілінде жазылғандығы бұл елдің ұлт мүддесін үстем қоятындығын көрсетіп тұрды.

Сапар барысында  Қытайдың қай қаласында болсақ та халықтың көптігі, еңбекқорлығы жылы шырайлығы көрініс тауып жатты. Қорыта айтқанда, осы іс сапар мен үшін жақсы әсер қалдырды және болашақта да оқу, үйрену, тәжірибе алмасу курстары жалғасады деп ойлаймын.

 

Серіктестер арасындағы тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында қатысушыларға арнайы сертификаттар табысталды. Бұл бағдарлама компаниямыз үшін ашылған жаңа мүмкіндіктердің бір үлгісі ғана. Бастаманың өміршеңдігі тек компаниямызға емес әлі талай пайда әкелері сөзсіз.

 


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту