"Маңғыстаумұнайгаз "АҚ Қаламқас кен орнында тактикалық-арнайы оқу-жаттығу өтті»: оның барысында қызметкерлер су қорғау бөгетін бұзу кезіндегі іс-әрекеттерді пысықтап өтті.
Оқу-жаттығудың сценарийі бойынша аумақты аралап тексеріп жүрген күзетші 194 пикетте су қорғау бөгетінің жарылысын анықтайды. Болған жағдай туралы хабарлағаннан кейін, оқиға орнына жедел түрде авариялық-құтқару қызметінің мамандары шықты: дамбаны жарып жіберген теңіз суын сору үшін «Семсер-Өрт Сөндіруші" ЖШС-нің өртке қарсы техникасы қолданылды, "ОСС" ЖШС-нің арнайы техникалары көмегімен аумақтың опырып құлатуы жүргізілді, "МЭМ" ЖШС қызметкерлері электр беру желілерінің тіректерін қалпына келтіру жұмыстарымен айналысты, ал үздіксіз байланысты қамтамасыз ету үшін "Мұнайтелеком"ЖШС күштері тартылды.
Сондай-ақ оқу-жаттығу барысында зардап шеккендердің біріне көмек көрсету үшін жедел медициналық жәрдем машиналары жұмылдырылды, су басу қаупі бар аймақтан қызметкерлерді эвакуациялау мақсатында арнайы техника пайдаланылды, ал "Caspian Food" ЖШС азық-түлікпен қамтамасыз ету үшін оқиға орнында далалық ас үйі ашылды. Оқу-жаттығуларға қатысушылардың барлық іс-әрекеттерін жедел жылжымалы штаб басқарып отырды.
-Жалпы оқу-жаттығу жақсы өтті деп есептеймін, - деп қорытындылады жедел штаб басшысы, "Қаламқасмұнайгаз" ӨБ бастығының м. а. Мәлік Абланов. - Біздің қызметкерлеріміз де, мердігерлік және сервистік компаниялардың қызметкерлері де өзара бірігіп әрекет еті мен екі жақты түсіністіктің озық үлгілерін көрсетті. Біздің мақсатымыз - қызметкерлерді аварияны жою дағдыларына үйрету, қызметкерлерді төтенше және қауіпті жағдайларда жұмысқа практикалық дайындау. Өйткені, қағаз бойынша білу бір басқа да, төтенше жағдай кезінде әрекет ете білу бір бөлек. Осылайша, барлық жұмылдырылған қызметтер өз міндеттерін орындап, жедел және үйлесімді әрекет етті деп есептеймін.
|