Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
09.10.2020 АПАТ АЙТЫП КЕЛМЕЙДІ
 

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Жетібай және Қаламқас кенорындарында апаттың алдын алу тақырыбы бойынша оқу-жаттығу жұмыстары өткізілді. Тамыз айының 28-ші жұлдызында ««Жетібаймұнайгаз» өндірістік басқармасындағы газ шаруашылығын дайындау тасымалдау және пайдалану цехында «газ құбырын одан әрі жанумен герметизациялау» тақырыбы бойынша, қыркүйектің 11-і мен 22-ші жұлдызы аралығында «жанумен газ құбырын герметизациялаудан босату» тақырыбы бойынша ал, «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасындағы жылу-сумен жабдықтау және кәріз цехы мен маркетинг және мұнай-өткізу департаментіне қарасты Қаламқас және Жетібай кенорындарында орналасқан №1,3 авто жанар-жағар май құю станциясында оқу-жаттығу дабылы өткізілді. Мақсаты - өртке қарсы қызмет нысанында мамандар мен жұмысшы персоналдың, медициналық персоналдың аварияларды жою жоспарын білулерін, сондай-ақ аварияға түскен адамдарды шығару және құтқару, аварияларды жою жөніндегі қабыл-данатын шешімдердің дұрыстығын анықтау болып табылады.

Аварияға қарсы жаттығулар аяқталғаннан кейін қорытындысы шығарылып, актімен рәсімделді және барлық жұмылдырылған күштер мен құралдар нақты және үйлесімді орындалды. Жалпы жаттығу барысы қанағаттанарлық, аварияларды жою жоспарына сәйкес, еңбек қауіпсіздігі және оны қорғау талаптарын сақтай отырып, персонал жұмыстарды орындады.

Оқу-жаттығу жұмыстарын өткізу кезінде барлық қауіпсіздік шаралары сақталды және міндеттер қажетті көлемде орындалды. Апатты жою жоспарына сәйкес жұмыс істеу үшін барлық қажетті материалдар толықтай қамтылған.

Атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаменті директорының орынбасары Аманқос Мұңғалов басты мақсат - кәсіби авариялық-құтқару қызметі мен өрт сөндірушілер қызметінің күшін, құралдарын, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын тексеру, олардың басқа да тартылған қызметтермен нақты өзара іс-қимылдарын пысықтау екенін атап өтті.

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы Бауыржан Ләтіп ұйымның қауіпсіздік техникасы кез келген тәртіп бұзушылық оқиғаға төзбестікпен қарайтынын, өрескел тәртіп бұзушылыққа жол берген, нәтижесінде жазатайым оқиғаға әкеліп соққан қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тәртіптік жаза қолданылатынын алға тартты.

Сонымен қатар әрбір қызметкер ұйымда қолданылатын еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау стандарттарын, нормалары мен ережелерін сақтауды, қасындағы бірге жұмыс жасайтын қызметкерлерден мұны талап етуі тиіс екендігін, бригадаларда жұмыс басталар алдында, жұмыс жоспары талқыланып тәуекелді болдырмауға, алдын алуға жұмыстануды әрі қарай жандандыру керектігін, жұмыс жасау кезінде бригадаға тәжірибелі маманды жауапты етіп, бейресми түрде тағайындауды практика жүзінде одан әрі жалғастыру керектігін айтты.

Бауыржан Ләтіп сөз соңында, әрбір қызметкер жұмыс барысында өзінің  және басқа да жұмыскерлердің денсаулығына немесе өміріне қауіп төнетін жағдай туындаған кезде, бұл туралы тікелей басшы немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмыс орындаудан бас тартуға құқығы бар екенін ескертті. Сонымен қатар оқыс оқиғалар туралы ақпаратты жасыру қауіпсіздік техникасы мен еңбекті қорғаудың өрескел бұзылуы болып есептелінетінін және әр қызметкерді үйінде жанұясы күтіп отырғанын естен шығармау керектігін алға тартты. 

Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік

қауіпсіздік қызметі


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту