Жақында «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында Қауіпсіздік және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері бойынша бейнеконференциялық байланыс режимінде жиналыс өтті. Оған Басқарма басшылары, құрылымдық бөлімшелер мен өндірістік басқарма басшылары, бас мамандар қатысты.
Басқарма басшыларының 2020 жылға арналған Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өнеркәсіптік қауіпсіздік және қозғалыс қауіпсіздігі саласындағы жеке бейілділігіне және өндірістік бақылау тексерісінің қорытындысына сәйкес ұйымдастырылған жиналыста техникалық қауіпсіздік, еңбекті қорғау және қоршаған ортаны қорғау департаменті, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің басшысы Бауыржан Ләтіп баяндама жасады. HSSE CNPC "ChinaNationalPetroleumCorporation" басқару жүйесіндегі жұмыс тобының есебіне сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлігінде бұзушылық пункттерін жою жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы», «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік объектілеріндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік пен еңбекті қорғаудың жай-күйін «ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамымен өткен тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою жөніндегі іс-шаралардың орындалу барысы талқыланған жиналыста шешуді талап ететін проблемалық мәселелер көтерілді. Сонымен қатар "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ Бас директордың бірінші орынбасары Қалбай Ізмұханов көтерілген өзекті әрі шешімін таппай жүрген бірқатар өндірістік мәселелер бойынша хаттама жасақтауды тапсырды. Жауапты басшыларға хаттаманың орындалуын бақылауда ұстауға тапсырма берді. Бейнеконференция соңында «Жетібаймұнайгаз» және «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқарма басшыларының ұсыныстары тыңдалып қорытынды шығарылды.
Кәсіпорында еңбекті қорғауды басқарудың бірыңғай жүйесі барлық қызметкерлерді – жұмысшыдан бастап басшыға дейін алдын алу жұмыстарымен қамтуды қарастырады. Әрбір лауазымды тұлғаға, еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің жұмысшыларын қоса алғанда, тек техникалық, өндірістік немесе шаруашылық қызмет саласында ғана емес, сонымен қатар еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және санитарлық қауіпсіздік, құрылыс нормалары саласындағы заңнаманы мүлтіксіз сақтай отырып жұмыстану жауапкершіліктері жүктелген.
Технологиялық процестің қауіпсіздігі мен қызметкерлердің еңбегін қорғау- кәсіпорын қызметін бағалаудың маңызды критерийі. Сондықтан өндірісті тұрақты дамытып, қызметкерлердің денсаулығын сақтау сапасын жақсарту үшін қауіпсіз әдістер мен озық технологиялар енгізу, нормативтік мерзімі өткен жабдықтарды пайдаланудан уақтылы шығарып, жаңғырту, сараптама жүргізіп отыру қажет.
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері бойынша персоналды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінеді. Осы орайда "Қаламқасмұнайгаз" және "Жетібаймұнайгаз" өндірістік басқармалары барлық қызметкерлерге ортақ қауіпсіздік техникасы бойынша ақпараттық нұсқаулықтары бар оқу сыныптарымен жабдықталған. Онда өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау бойынша оқу сыныптарының жұмысына, оқу бағдарламаларының сапасы мен оқыту кестелерінің сақталуына бақылау ұйымдастырылған.
Қоғамның барлық құрылымдық бөлімшелеріне бекітілген кестеге сәйкес бейнероликтер тұрақты көрсетіліп отырады. Атап айтқанда - көлік жүргізу кезіндегі қауіпсіздік, биіктіктегі жұмыстар, энергия көздерін оқшаулау, жылжымалы және кернеулі жабдықтар. Сонымен қатар қоғам қызметкерлері үшін арнайы киім, басқа да жеке қорғану құралдарын сатып алуға арналған бюджет жыл сайын ұлғайып келеді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жазатайым оқиғалардың алдын алуға және болдырмауға көп көңіл бөлінеді. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау тұрғысынан ойлауды дамытудың қарапайым әдісі бар. Кез-келген жұмысты бастамас бұрын, барлығына өндіріс қауіпсіздігі қағидаттарының бес тармағының міндетті түрде орындалуы ескертіледі:
1. Ешкім зардап шекпеуі керек!
2. Жұмысты бастамас бұрын ойланыңыз!
3. Жұмысты қауіпсіз орындаңыз немесе мүлдем жасамаңыз!
4. Жұмысты қауіпсіз орындауға әрқашан уақыт бар!
5. Егер күмәндансаңыз, біліңіз! (Сұраңыз).
Өнеркәсіптік қауіпсіздік және еңбекті қорғау саласындағы нормалар мен қағидалар талаптарын сақтауға төрт деңгейлік бақылау ұйымдастырылып табысты жұмыс істеуде. Атап айтқанда Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 203-бабы негізінде өндірістік Кеңес құрылды. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасының шешімімен 2016 жылғы 23 мамырдағы №34 хаттама "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік Кеңес туралы Ереже" және "еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік кеңестің жұмыс Қағидалары" бекітілді. Сондай-ақ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Басқармасы және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ «қызметкерлердің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігі құрамында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік Кеңес құрылды. Оның құрамына тепе-теңдік негізде жұмыс берушінің өкілдері, қызметкерлердің өкілдері және техникалық еңбек инспекторлары кіреді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі өндірістік Кеңесі Қоғамның тұрақты жұмыс істейтін, консультативтік – кеңесші, алқалы құрылымдық органы болып табылады, ол жұмыс беруші мен Қоғам қызметкерлерінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, жарақаттану мен кәсіптік аурулардың алдын алу жөніндегі талаптарды қамтамасыз ету жөніндегі бірлескен іс-қимылдарын ұйымдастырады, сондай-ақ техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғау мәселелері бойынша тексеру жүргізуді ұйымдастырады, еңбекті қорғау жыл сайын бекітілген кестеге сәйкес қоғамның өндірістік Кеңесінде қаралады.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қауіпті өндірістік объектілеріндегі жұмыс жағдайларын жақсарту мақсатында Қоғам Басқармасының бұйрығымен "Еңбекті қорғау Күні" бекітілді. Әр айдың соңғы жұмасында қоғамның өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінде еңбек қорғау күні өткізіліп отырады.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-да кәсіпорындағы жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру қамтамасыз етіледі, құрылымдық бөлімшелерде оқиғалардың түпкі себептерін анықтау үшін объектілерге, цехтар мен учаскелерге нысаналы зерттеп қарау жүргізіледі. Персоналға жазатайым оқиғаларды тергеп-тексеру нәтижелері және ұқсас оқыс оқиғаларға жол бермеу бойынша әзірленген іс-шаралар туралы ақпарат жеткізіледі. Бұл ретте міндетті түрде алдын алу шараларының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Пандемияға (COVID-19) байланысты, оның қызметкерлер арасында таралуына жол бермеу мақсатында коронавирустық инфекцияның алдын алу және болдырмау жөніндегі шараларды күшейту туралы «Қазмұнайгаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы А.С. Айдарбаевтың Қаламқас, Жетібай кенорындары бойынша қауіпсіздік талаптарын сақтау жұмыстары күшейтілді.
«ҚазМұнайГаз» ҰК» акционерлік қоғамы Басқармасының "Қорғау" картасын қолдану регламентін бекіту туралы" 03.02.2020ж. №2 хаттамаға сәйкес және «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ объектілерінде "Қорғау" картасын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары негізінде Қоғамның 06.05.2020ж. №517-П бұйрығымен «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ жүйесінде П-35-86 «Қорғау» картасын қолдану қағидалары (бұдан әрі-қағидалар) бекітілді. Қоғам Басқармасы бекіткен «Қорғау» картасын енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ұсынылған үлгіге сәйкес «Қорғау» картасының бланкілерін орналас-тыруға арналған жәшіктер әзірленді. Қазіргі уақытта Қаламқас, Жетібай кенорындарында «Қорғау» картасын қолдану қағидалары бойынша бейнематериал Қоғам қызметкерлеріне көрсетіліп, оқу жүргізілуде.
Сонымен қатар, Қоғамның тұрақты жұмыс істейтін комиссиялары мен әрбір өндірістік құрылымдық бөлімшелердегі комиссиялардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайына мақсатты және кешенді тексерулер жүргізуі жүйелі түрде орындалып келеді.
Осы жылдың қыркүйек айының 15 мен 25 жұлдызы аралығында Қоғам Басқармасының Өкімімен және бекітілген кестеге сәйкес «Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамының Жетібай және Қаламқас кенорындарында өндірістік бақылау жүргізілді. Өндірістік бақылау кезінде анықталған сәйкессіздікті жою мақсатында акт-нұсқама жасақталынып, нысандардың жауапты басшыларына табысталды. Берілген нұсқамалар бойынша Кеңес өткізіліп, онда бұзушылыққа әкеп соққан себептерді бөлшектеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі және оларды жою мерзімдері белгіленеді.
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметінің мамандары, өндірістік жарақаттануды болдырмауға табысты қол жеткізуі үшін қажетті шаралардың бәрін жасайды.
Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік қызметі |