9 маусым және 1 шілде аралығында «ҚМГ» және «ЖМГ» ӨБ-де Қоғам қызметкерлері арасында "ҮЗДІК МАМАН-2021" кәсіби конкурсы келесі мамандықтар бойынша өткізіледі:
1. Мұнай және газ өндіру операторы;
2. Қабат қысымын ұстау операторы;
3. Ұңғымаларды зерттеу операторы;
4. Жөндеуші – слесарь;
5. Электргазбен дәнекерлеуші;
6. Темір жонушы;
7. Химиялық талдау лаборанты
Конкурс 2 кезеңнен тұрады: конкурстың 1-ші кезеңі әрбір өндірістік басқарманың ішінде өндірістік басқармалардың қызмет-керлері арасында өткізіледі, конкурстың 2-ші кезеңі «ҚМГ» ӨБ және «ЖМГ» ӨБ қызметкерлері арасында өткізіледі.
Конкурсқа төмендегі іріктеу критерийлеріне сәйкес келетін "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қызметкерлері қатыса алады:
- Қоғамдағы жұмыс өтілі-кемінде 1 (бір) күнтізбелік жыл болу;
- мамандығы бойынша жалпы еңбек өтілі 3 (үш) жылдан кем емес;
- ҚжЕҚ бойынша нұсқаулықтарды білуін тексеруден өткені туралы белгісі бар куәліктің болуы;
- соңғы 6 ай ішінде ҚжЕҚ саласында ескертулер мен бұзушылықтардың болмауы;
- бір күнтізбелік жыл ішінде тәртіптік жазалардың болмауы
Конкурстың 1-кезеңінің жеңімпаздары келесі мөлшерлерде біржолғы төлемдермен марапатталады:
- бірінші орын үшін-100 АЕК;
- екінші орын үшін - 70 АЕК;
- үшінші орын үшін-50 АЕК.
2-кезеңнің жеңімпаздарына күнтізбелік бір жылға ай сайынғы қосымша ақылар мынадай мөлшерде белгіленеді:
- бірінші орын үшін-30 % мөлшерінде қосымша ақы;
- екінші орын үшін-20 % мөлшерінде қосымша ақы;
- үшінші орын үшін-10 % мөлшерінде тиісті тарифтік мөлшерлеменің немесе лауазымдық жалақының қосымша ақы төленеді.
Конкурсқа қатысу үшін өтінімді 2021 жылдың 04 маусымына дейін тікелей басшыға немесе a.dzhaksybergenova@mmg.kz мекен-жайға хабарламамен жіберуге болады.
|