Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
24.06.2021 КӘСІПОДАҚ КОМИТЕТІНІҢ ЖАҢА ТӨРАҒАСЫ САЙЛАНДЫ
 

23 маусым күні «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кеңсесінде «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің есеп беру-сайлау конференциясы өтті. Конференция жұмысына 64 делегаттан 54 делегат қатысты.

Алдымен делегаттар кәсіподақ комитетінің жұмысы туралы есеппен танысты, содан кейін екі кандидатураның ішінен балама негізде кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасын сайлау өтті.

Көпшілік дауыспен Мәди Нұрғалиұлы Кентанов «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ кәсіподақ комитетінің жаңа төрағасы болып сайланды.

Мәди Кентанов 1973 жылы Маңғыстау облысы Шебір ауылында дүниеге келген.

2007 жылы «Мұнай және газ кен орындарын игеру» мамандығы бойынша Ш.Есенов атындағы Ақтау мемлекеттік университеті РМҚК бітірген.

Еңбек жолын 1994 жылы «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ ҒЗжӨЖЦ ұңғымаларды зерттеу операторлығынан бастады.

Әр жылдары «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ МГӨЦ-1-де оператор, шебер, инженер, бастықтың орынбасары болып жұмыс істеді.

2012 жылдан 2018 жылға дейін «Қаламқасмұнайгаз» ӨБ МГӨЦ-4 бастығы.

2018 жылдан 15.06.2021 жылға дейін – «Жетібаймұнайгаз» ӨБ ҚҚҰЦ бастығы.

2021 жылдың 16 маусымынан бастап – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ өндірістік департаменті Өндірістік-техникалық бөлімінің Мұнай және газ өндіру жөніндегі жетекші инженері.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары – «Қазақстан мұнай-газ кешені салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Сұлтан Қалиев және конференция делегаттары Мәди Кентановты кәсіподақ комитетінің төрағасы лауазымына сайлануымен шын жүректен құттықтап, оған табыс және жемісті жұмыс тіледі.

Сұлтан Қалиев пен конференцияға қатысушылар бұдан бұрын кәсіподақ комитетін басқарған Тарген Нұралыұлы Мысамбаевқа атқарған жұмысы үшін шын жүректен алғыс айтып, ұзақ әрі мінсіз еңбегі үшін зор ризашылықтарын білдірді, оған амандық пен табыс тіледі.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту