Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
19.07.2021 ЕКПЕ АЛУДЫҢ МАҢЫЗЫ
 

«Маңғыстаумұнайгаз» акционерлік қоғамында вакцинацияға қатысты түсіндіру жұмыстары жалғасып жатыр. 17 шілде күні Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы Басқарма төрағасының орынбасары, медицина ғылымдарының кандидаты Айнагүл Қуатбаева мен эпидемиолог дәрігер Марал Қадыр  «Қаламқасмұнайгаз» өндірістік басқармасының мұнайшыларымен кездесті.

Кездесу барысында қызметкерлерге ел аумағында қолданылатын вакциналардың түрлері, құрамы мен тиімділігі сөз болды. Ағзаға тигізер әсері мен қарсы көрсетілімдері туралы ақпарат берілді.

-Бізді үрейлендіретіні – ауру «жасарып» барады.  COVID-19 инфекциясын жұқтырып жасы үлкен адамдар ғана емес, балалар мен жасөспірімдер де жатыр, - дейді Айнагүл Қуатбаева. – Сондықтан біз бұл инфекцияға қарсы бір ғана қару бар деп айтамыз - бұл вацинация.

Құрметті достар, вакцина қауіпсіз, ең бастысы коронавирустық инфекцияға қарсы тиімді. Вакцинациялау арқылы біз өз қорғанысымызды ғана емес, жақындарымызды да қорғаймыз.


«« | »» « Кері | Барлық жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту