Қазақша                                 Русский
 
Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта
Жаңалықтар
 
10. 01. 2022
10 ҚАҢТАР ЖАЛПЫҰЛТТЫҚ АЗА ТҰТУ КҮНІ
  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен еліміздің бірқатар өңірінде орын алған лаңкестік әрекеттердің кесірінен азаматтарымыздың қаза болуына байланысты бүгін 10 қаңтар жалпыұлттық аза тұту күні болып жарияланды....
толығырақ...
 
27. 12. 2021
«МАҢҒЫСТАУМҰНАЙГАЗ» АҚ КЕНОРЫНДАРЫНЫҢ ҰҢҒЫМАЛАРЫНА САШ ӨТС ӨТКІЗУ
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ (бұдан әрі – «ММГ» АҚ) алдағы 2022 жылы «ММГ» АҚ кен орындарының ұңғымалары үшін оңтайлы химиялық құрамын таңдау мақсатында су ағынын шектеу бойынша өнеркәсіптік тәжірибелік сынақтар (бұдан әрі - ӨТС) өткізу жоспарланғанын хабарлайды....
толығырақ...
 
02. 12. 2021
«ҚАЛАМҚАС» КЕНОРНЫНДАҒЫ ӨНДІРІСТІК НЫСАНДАР ЖҰМЫСЫ ҚАЛЫПТЫ ЖАҒДАЙДА ЖҮРІП ЖАТЫР
  Әлеуметтік желілерде тарап жатқан «Қаламқас» кенорнындағы ереуілдер туралы хабарлар шындыққа жанаспайды. ...
толығырақ...
 

«Маңғыстаумұнайгаз»АҚ Басқармасының 2020 жылдың қорытындысы бойынша еңбек ұжымымен кездесуге арналған есебі.

Басқарманың және бас директордың орынбасарларының «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ қызметкерлерін жеке мәселелері бойынша қабылдау кестесі





 

Бір кездері, осыдан ондаған жылдар бұрын, Маңғышлақ жері өзінің бірегей жануарлар әлемімен және ежелгі ескерткіштерімен ғана танымал болатын. Бірақ, 1961 жылы "Жетібай" кенорнында ұңғымадан көмірсутегінің сарқылмас қорының бар екенін растаған алғашқы "қара алтын" фонтаны соғылған сәттен бастап, өңірдің өмірі күрт өзгерді. Ол алғаш болып осы өлкені табандылығы, ерлігі және білімімен зерттеген геологиялық-барлаушылардың арқасында Маңғыстаудың жерасты құпиясын ашылды, осылайша өзінің жұлдызды сәтін күткен жердің жұлдызы жанды. Көп ұзамай жарты жылдан кейін мұнай Өзен кенорнынан да судай ақты.

1963 жылы Батыс Қазақстан Кеңес халық шаруашылығының №280 қаулысымен барлық жергілікті мұнай-газ кен орындарын игеруді қолға алған "Маңғышлақмұнай" мұнай-газ өндіру өндірісі құрылды. Келген мол мұнай өңірдің ғана емес, жалпы Қазақстанның дамуына қуатты серпін берді.

Бүгінде облыстағы барлық мұнай өндірудің үштен бірінен астамын және республика бойынша 8% - ке жуығын елдің ірі мұнай-газ өндіруші кәсіпорындарының бірі болып табылатын "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ қамтамасыз етіп отыр.

Мұнай өндірудің негізгі өнеркәсіптік объектілері Қаламқас және Жетібай кен орындары болып табылады, оларға барлық алынатын қалдық қорлардың 90% - і тиесілі.

Компания үшін маңызды міндеттердің бірі геологиялық барлау жұмыстары болып табылады, егер ресурстық базаны толтырмасақ, онда бірнеше онжылдықтардан кейін біз игеріліп жатқан кен орындарындағы көмірсутек қорларын толық шығарып ала алатынымыз түсінікті.

Жыл сайын "Маңғыстаумұнайгаз" АҚ-да көмірсутек шикізаты мен мұнай-газ активтерінің қорларын ұлғайту мақсатында теңізде және құрлықта тартымды және перспективалы лицензиялық учаскелерді іздеу, анықтау және іріктеу, барлау бойынша, сондай-ақ барлауға және өндіруге (жер қойнауын пайдалануға) келісімшарттар жасасу ықтимал болатын лицензиялық учаскелерді сатып алуды қамтамасыз ету бойынша іс-шаралар жоспарланады.

Компания саясатының тағы бір маңызды бағыты өңірдің әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға үлес қосу, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдармен өзара тиімді ынтымақтастық болып табылады. Мұнайшылардың қаражаты есебінен білім беру, мәдениет, спорт нысандары салынды, облыстық және аудандық маңызы бар жолдар жөнделді, мұқтаж және аз қамтылған тұрғындарға материалдық көмек көрсетілді, ардагерлер мен мүгедектерге атаулы көмек көрсетілді және тағы басқалар.

"Маңғыстаумұнайгаз" цифрлық технологияларды енгізуді компания саясатының басым бағыттарының бірі деп санайды. Мұнай-газ саласында "ақылды" технологиялар сән қуу емес, ол бірінші кезекте – жеделдікті арттырудан бастап өндірістегі авариялық жағдайлар тәуекелдерін жоюға дейінгі міндеттер кешенін шешу тәсілі.

Компания үшін қазір "Зияткерлік кен орны"технологиясы өте өзекті. "Цифрлық Қазақстан" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде енгізілетін автоматтандырылған инновация бытыраңқы жүйелерді бірыңғай ақпараттық жүйеге интеграциялау есебінен тиімділіктің тұрақты өсуі кезінде оларды игеру шығындарын қысқарта отырып, ескі мұнай кен орындарын пайдалану кезінде жаңа мүмкіндіктер ашады. Оны "Асар", "Жетібай" және "Қаламқас" жетекші үш кен орнында енгізу жерасты және жерүсті жабдықтарының жұмысын оңтайландыру есебінен ұңғымалардың тұрып қалуынан болатын шығындарды азайтып, жөндеуаралық кезеңді ұлғайтуға және мұнай өндіру көлемінің өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Әрине, "адами факторды" жұмылдырусыз инновацияға баса назар аудару қажетті нәтиже бермейді. Компанияның әлеуметтік саясатының басты қағидаты – адал еңбегі жылдан жылға "Маңғыстаумұнайгаз" акционерлік қоғамына өндірістік және нарықтық позицияларын тұрақты сақтауға көмектесетін қызметкерлерге құрметпен қарау. Компанияда жоғары кәсібилік, тәлімгерлік және жаңашылдық дәстүрлерін құрметтеп, оларды қызметкерлердің жаңа буынына табыстайды.

"Маңғыстаумұнайгаз" АҚ еңбек ұжымы кәсіпорын ардагерлерінің салған дәстүрлерін лайықты жалғастыруда, өндірістік-шаруашылық қызмет, әлеуметтік-кадрлық саясат саласында озық тәжірибені пайдаланады, сондай-ақ өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік саласында жоғары стандарттарды ұстанады.

 




Информационно-презентационный фильм, посвященный 50-летию Мангистауской

 (каз)

 (рус)

50-летию производственного управления «Жетыбаймунайгаз» посвящается (каз)

 (каз)




АО “МАНГИСТАУМУНАЙГАЗ” 2014
All Rights Reserved
БІЗ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕ
facebook instagram youtube
«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ
Басқармасының блогы

Хасанов Дәулетжан Кеңесұлы - «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ Бас директоры

Блогқа өту